«Ұшқыштар соңына дейін күресіп, шеберліктерін көрсетті» – сарапшы
Коллаж: Orda.kz
Сарапшылар Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақтың экипаж мүшелерінің ерлік жасағанын айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Еске салайық, Ақтаудағы ұшақ апатынан капитан Игорь Кшнякин мен екінші ұшқыш Александр Кальянов және аға бортсерік Хокума Алиева қаза тапты. Қалған екі бортсерік Зульфугар Асадов пен Айдана Рахимли аман қалып, ауруханада жатыр.
AZAL ұшағының құлау кезіндегі соңғы минуттарының егжей-тегжейлі видеосы тарағаннан кейін, сарапшылар ұшақ экипажын «батырға» теңеді. Олардың пікірінше, жолаушыларды құтқару үшін қолдан келгеннің бәрін жасаған ұшқыштар мен бортсеріктер соңғы демі қалғанша күрескен.
Бейсенбіде Әзірбайжан үкіметінің дереккөздері Euronews-ке апаттың себебі ресейлік әуе зымыраны екенін растады. Кейінірек Reuters агенттігі де дәл осы ақпаратты таратты.
Әзірбайжандық ұшқыштардың шұғыл қону туралы өтініштеріне қарамастан, Ресей әуежайларына қонуға рұқсат етілмеген. Ұшқыштар Каспий теңізі арқылы Қазақстанға қарай ұшуға мәжбүр болды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ұшақтың GPS навигациялық жүйелері теңіз үстінен ұшу кезінде бұғатталған.
25 жастағы Айдана Рахимли Маңғыстау облыстық ауруханасында жатыр. Оның әріптесі Зульфугар Асадов басынан, арқасынан, аяғынан және қолынан жарақат алған.
Жаңалықтар
- Референдум-2026: Дезинформацияға қарсы күрес орталығы желідегі жалған ақпараттарды тіркеп жатыр
- Заңсыз активтерді қайтару аясында мемлекетке 1 трлн теңгеден астам қаржы құйылды – Бас прокуратура
- Қазақстанда сағат 16:00-дегі жағдай бойынша референдумдағы алдын ала қатысу көрсеткіші 64,43% болды
- Иран Таяу Шығыстағы қақтығысты тоқтатудың екі шартын атады
- Референдум: Қаныш Сәтбаев атындағы университетте қалай өтіп жатыр?
- Назарбаев: Бір кезде мен Тоқаевты таңдадым, қазір де қолдаймын
- Мемлекет басшысы референдумда дауыс бергеннен кейін журналистермен брифинг өткізді
- Қуандық Рахым референдумда дауыс берді, Димаш денсаулығына байланысты қатыса алмады
- Референдум: Мүмкіндігі шектеулі жандар қалай дауыс береді?
- Қазақстан полициясы күшейтілген тәртіппен жұмыс істеп жатыр
- Референдумдағы сайлаушылардың қатысуы туралы ақпарат жаңарды
- Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді
- Назарбаев референдумда дауыс беруге келді
- Алматы әкімі Дархан Сатыбалды республикалық референдумда дауыс берді
- ОСК референдумдағы сайлаушылардың қатысуы туралы дәл қазіргі мәліметті берді
- Азат Перуашев Референдумда дауыс берді
- Алматы облысы Іле ауданына тілшінің бақылап, ақпарат таратуына қарсы болған жағдай тіркелді
- Референдум: Бостандық ауданы тұрғындарының дауыс беруге белсенділігі байқалмады
- Референдум: ҚазҰУ учаскесінде қалай өтіп жатыр?
- Мәжіліс спикері жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді