Ұшақ апатынан мерт болған әзірбайжандықтардың денесі Бакуге жетті

cover Фото: Видеодан алынған кадр

Ақтау маңында әуе апатынан қаза тапқандардың денелері бар ұшақ Бакуге қонды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Бүгін, 29 желтоқсан күні сағат 1:20-да мерт болған Әзірбайжан азаматтарының денесі Бакуге қонды. Бұған дейін 28 желтоқсан күні, сағат 23:30 шамасында көз жұмған 24 әзірбайжандықтардың денесі Отанына жөнелтілгенін хабарлаған едік. Оның ішінде үш экипаж мүшесі бар. 

Еске салайық, 25 желтоқсан күні Баку-Грозный бағытындағы ұшақ Ақтау маңында апатқа ұшырады. Апаттың негізгі себебі — Ресей зымыраны. Қайғылы оқиға салдарынан 38 адам көз жұмды. Олардың арасында 6 қазақстандық бар. 


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар