«Ұрлап әкетпек болған»: Таразда 13 жастағы қызды құтқарған ер адам марапатталды
Фото: Жамбыл облысы ПД
Бүгін, 19 ақпанда Жамбыл облысы полиция департаменті Тараз қаласының тұрғыны Нұркен Умаровты марапаттады. Ол екі ер адамның 13 жастағы қызды ұрлауына жол бермеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Кеше ғана әлеуметтік желіде екі ер адамның кәмелет жасқа толмаған қызды күштеп көлікке отырғызуға тырысқан сәті түскен бейнежазба тарады. Аялдамада тұрған ер адам жағдайға бейжай қарамай, қызды құтқарып қалды.
Күдіктілердің жеке басы анықталып қолға түсті. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.
Жамбыл облысы ПД бастығы Нұркен Умаровқа ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің, сондай-ақ жеке өзінің атынан шынайы алғыс білдірді.
Марапаттау рәсімі барысында Қайсар Сұлтанбаев Нұркен Умаровтың әрекетін нағыз ерлікке теңеді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- «Эпштейн ісіне қатысы бар»: Бұрынғы британ ханзадасы Эндрю ұсталды
- «Шариғатқа қайшы»: Ауғанстан билігі 500-ден астам музыкалық аспапты өртеп жіберді
- Екі облыс тұрғындары жер сілкінісін сезді
- «Ұрлап әкетпек болған»: Таразда 13 жастағы қызды құтқарған ер адам марапатталды
- Атырауда алтыннан қымбат «Алтын белгіге» қатысты сот шешімі шықты
- Өз ағзасын сатуға оқталған адам жазадан құтылып кетті
- Қырғызстанда TikTok-ты бұғаттау шешімі қайта қаралуы мүмкін
- Оразада азық-түлік бағасы арзандайтыны рас па? Бас мүфти үндеу жасады
- Балқашта көпқабатты үй ортасынан опырылып түсті: Тұрғындар аман ба?
- «Идеология емес, ұлттық мүдде»: Тоқаев Қазақстанның жаңа геосаяси таңдауын айтты
- Олимпиада- 2026: 19 ақпанда 7 медальға талас, Софья Самоделкина шығады
- Мәнерлеп сырғанаудан тағы бір медальға үміт бар ма?
- Алматыда тұңғыш президент саябағы жөндеуден өтеді
- Тоқаев Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады
- «Виза шектеулерін енгізді»: АҚШ Иран халқының құқығын шектегендерге шүйлікті
- Тоқаев Вашингтонда отандастарымызбен кездесті
- Ақтөбеде мопед тізгіндеген 8-сынып оқушысы жол апатына ұшырады
- Ақтөбе облысында жас мұғалімнің мәйіті табылды
- Отарда сарбаз соққыға жығылды: Бірнеше командир қызметінен кетті
- Рамазан-2026: 19 ақпанда қасиетті Рамазан айы басталды