Ұлытау облысында мемлекеттік қызметкер зейнетақы мен жәрдемақы ұрлағаны үшін сотталды

cover

Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры 3,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.

Қаржы мониторингі агенттігінің хабарлауынша, әлеуметтік мекеменің бұрынғы басшысы еңбекке жарамсыз және күтімді қажет ететін қарттардың зейнетақысы мен жәрдемақысын жасырын жымқырған. Барлығы 32 миллион теңге болады.

«Сонымен қатар, ол 2019 жылдың қаңтарынан 2023 жылдың ақпанына дейін өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, мемлекеттік міндеттерді орындауға уәкілетті тұлға бола тұра, мекеме қызметкерлеріне жалған лауазымдарды біріктіру туралы бұйрық шығарып, 12 млн. теңге жеген» деп толықтырды ҚМА.

Сотта ол кінәсін мойындап, шығынды төледі. Ол 3,5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылып, мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар