Ұлыбритания Иран дрондарына қарсы күреске Украина сарапшыларын тартады
Фото: gov.uk
Ұлыбритания Парсы шығанағында ирандық дрондарға қарсы күреске Украина сарапшыларын тартады. Лондон Киевтің тәжірибесін пайдаланып, өңір елдеріне әуе шабуылдарынан қорғануды күшейтпек. Бұл туралы Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Премьердің айтуынша, Ұлыбритания Иранға қарсы шабуылдарға қатыспайды, бірақ аймақтағы қорғаныс шараларын күшейтіп отыр. Соңғы екі күнде Иран өзіне шабуыл жасамаған елдерге соққы жасаған. Зымырандар британ азаматтары орналасқан әуежайлар мен қонақүйлерге де тиген.
Сонымен қатар, Иран әрекеттері аймақта орналасқан британ әскери күштеріне де қауіп төндіріп отыр. Жақында Бахрейн аумағындағы әскери базаға соққы жасалып, британ әскери қызметкерлері зардап шекпей аман қалған.
Премьердің сөзінше, Лондон Иранға қарсы бастапқы соққыларға әдейі қатыспау туралы шешім қабылдаған. Ұлыбритания аймақтағы тұрақтылыққа келіссөздер арқылы қол жеткізуді қолдайды және Иранның ядролық қару жасау ниетінен бас тартуын талап етеді. Дегенмен, қазіргі жағдайда ел одақтастарын қорғауға міндетті.
«Біздің Парсы шығанағындағы серіктестеріміз қорғанысты күшейтуді сұрады. Бұл – британ азаматтарының өмірін қорғау жөніндегі менің міндетім. Қазір біздің ұшақтар үйлестірілген қорғаныс операциялары аясында әуеде кезекшілік атқарып, ирандық соққыларды тосқауылдауда. Қауіпті толық тоқтатудың жалғыз жолы – зымырандарды олардың қоймаларында немесе ұшыру қондырғыларында жою», – деді үкімет басшысы.
Осыған байланысты Америка Құрама Штаттары британ базаларын шектеулі әрі нақты қорғаныс мақсатында пайдалануға өтініш білдірген. Лондон бұл сұранысты қанағаттандырған.
«Біз бұл шешімді ұжымдық өзін-өзі қорғау қағидатына сүйене отырып қабылдадық. Ол халықаралық құқыққа толық сәйкес келеді. Біз шабуыл операцияларына қосылмаймыз, бірақ одақтастарымызды және аймақтағы азаматтарымызды қорғауды жалғастырамыз. Ирактағы қателіктерді бәріміз білеміз және одан сабақ алдық. Сонымен бірге, Украина сарапшыларын өз мамандарымызбен бірге тартып, Парсы шығанағындағы серіктестерімізге ирандық дрондарды атып түсіруге көмектесеміз», – деп мәлімдеді Стармер.
АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қарсы әскери операция шамамен төрт аптаға жоспарланғанын мәлімдеді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Ресейден қауіпті вирус жұққан қызанақ тұқымдары елге әкелінген
- Ирандағы соғыс Қазақстанға қалай әсер етеді: Ормуз бұғазы мен мұнай бағасы
- Отардағы әскери бөлімде жағы сынған сарбазға қатысты тың дерек пайда болды
- Алты араб монархиясы Иранға ұжымдық қауіпсіздік аясында жауап беретінін мәлімдеді
- «Төмен баға ұсынған»: Астанада пәтерлерді екі реттен сатқан құрылыс компаниясы қызметкерлері қамалды
- Ұлыбритания Иран дрондарына қарсы күреске Украина сарапшыларын тартады
- Экс-президенттің қаза тапқаны жалған — Махмуд Ахмадинежад кеңсесі
- АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы операциясы: Соңғы жаңалықтар
- 26 жерінен пышақтап, мәйітін зорлаған: Диананың анасы сот үкімімен келіспей отыр
- Иран билігі АҚШ-пен келіссөз жүргізуден бас тартып отыр
- АҚШ-тың Иранға қарсы әскери шабуылы төрт аптаға созылуы мүмкін — Трамп
- Трамп Иран басшысы қызметіне үш үміткер бар екенін мәлімдеді
- Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты мұнай бағасы көтеріліп барады
- Тоқаев БАӘ президентімен телефон арқылы сөйлесті: Қазақстан көмек көрсетуге дайын
- Таяу Шығыстағы жағдай: АҚШ 500-ден аса әскерінен айырылған болуы мүмкін
- Иранның бұрынғы президенті Махмуд Ахмадинежад қаза тапты
- Масуд Пезешкиан Иран халқына үндеу жолдады
- Иран соғысы: Ормуз бұғазы маңында 150 кеме кептеліп тұр
- Тоқаев Таяу Шығыстағы жағдайды ушықтырмауға шақырды
- Иранның Тель-Авивке жасаған жауапты зымырандық шабуылынан 2 адам қаза тауып, 27 адам жараланды