Ұлттық банк төрағасы долларға қарағанда теңгеге көп сенім артатынын айтты

cover Фото: ҚР Ұлттық банкі

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов долларға қарағанда теңгеге көп сенетінін айтты, деп хабарлайды Orda.kz.

Сүлейменовтің айтуынша ақшаны долларда емес, теңгемен жинау дұрысырақ.

«Гиперинфляция мен девальвация кезеңдері әлдеқашан артта қалды. Сондықтан ақша жинау үшін теңгені пайдалану керек. Біз ақшаны Қазақстанда жұмсаймыз ғой. Шетел валютасы бізге тек шетелге шыққанда қажет», — деді ол. 

Cондай-ақ, Сүлейменов ақшаны қалай сақтап, қалай көбейту керегін айтып берді.

«Мен олай айтуға да болмайды деп ойлаймын, бұл дұрыс болмас еді. Жалпы мысал ретінде айтсақ, егер сіз өткен жылдың басында немесе бір жыл бұрын депозитке 10 миллион теңге салсаңыз — яғни, сіздің жинағыңыз бар, салыстырмалы түрде ауқатты адамсыз, қолыңызда 10 миллион теңге бар делік, — онда 12 айда шамамен 20% табыс табар едіңіз. Әрине, нақтысында 18–19% болды, бірақ қарапайым болу үшін 20% деп алайық. Сонда сіз 2 миллион теңге табыс табар едіңіз, яғни бұл — 20% кірістілік», — деді Сүлейменов.

Еске сала кетейік, Ермұрат Бәпи әйелін шәкіртіне сыйға берген ер адамға шүйлікті. Депутат ер адам азаматтық неке туралы заңнаманы бұзды деп есептейді. Осылайша ол Бас прокурор Берік Асыловқа заң талаптарын қатаңдатуды ұсынды.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар