Ұлтаралық алауыздық қоздырған Ақмола облысының тұрғыны құрықталды

cover Фото: envato

Ақмола облысының тұрғыны «Чат рулеткада» ұлтаралық алауыздық қоздыру фактісі бойынша бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Orda.kz.

Аудан тұрғыны осы жылдың жазында мас күйінде «Чат рулетка» қосымшасында басқа ұлт өкілдеріне қатысты, балағат сөздерді қолдана отырып, қорлайтын мәлімдемелер жасаған.

Сараптама оның сөзінде ұлтаралық араздық пен алауыздық белгілері бар екенін растап, айтылған сөздердің басқа ұлт өкілдеріне қатысты қорлайтын сипатқа ие екенін анықтады. Сотта айыпталушының кінәсі мемлекеттік айыптаушымен толық дәлелденді» деп жазылған Ақмола облысы прокуратурасының хабарламасында

Сотталушы 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар