Украина Ресейдің тағы бір көпірін қиратты
Фото: Бейнеден кадр
Украина Курск облысындағы екінші Ресей көпірін қиратқанын мәлімдеді.
Бұл туралы BBC хабарлады.
Украина бір апта ішінде Ресейдің Курск облысына басып кіріп, екінші стратегиялық көпірді қиратқанын айтты. Жексенбі күні украина әскерилері Сейм өзені арқылы өтетін Званное ауданындағы көпірге соққы жасағанын сәтті бейнелеген әуе түсірілімдерін жариялады.
Бірнеше сағат өткен соң Украина президенті Владимир Зеленский Курскіге жасалған әскери операцияның мақсаты ресейлік шабуылдарды тоқтату үшін «буферлік аймақ» құру екенін алғаш рет мәлімдеді.
Украина соңғы екі апта бойы Ресей аумағында 2022 жылы Мәскеу Украинаға басып кіргелі бері ең ірі шабуылдарын жасап жатыр. Украина Әуе күштерінің қолбасшысы генерал-лейтенант Николай Олещук әлеуметтік желіде «тағы бір көпір кетті» деп жазып, соққының бейнематериалдарын жариялады.
«Украинаның әуе күштері дәл авиациялық соққылармен қарсыластың логистикалық мүмкіндіктерін жоюды жалғастырып жатыр. Бұл соғыс барысына айтарлықтай әсер етеді», – деді генерал Олещук.
Бейнематериалда көпірден көтерілген үлкен шаң бағанасы көрініп тұр және көпірдің бір бөлігі қирағаны байқалады. Соққының нақты қашан жасалғаны белгісіз.
Апта басында Украина Глушково қаласына жақын жерде Сейм өзені арқылы өтетін тағы бір көпірді қиратты. Бұл көпірді Кремль өз әскерлерін қаруландыру үшін пайдаланғанып отырған болатын. Украина әскері Ресей шекарасынан өткеніне екі аптадан соң, олардың бұл аймақта тұрақтайтыны айқын болды.
Жексенбі күні кешкі мәлімдемесінде ол: «Курск облысындағы операциямыз Ресей әскеріне, мемлекетіне, олардың қорғаныс өнеркәсібі мен экономикасына залал келтіріп жатыр», – деп мәлімдеді.
Президент кеңесшісі Михаил Подоляк Украина Ресей жерін жаулап алуды көздемейтінін, бірақ Ресейді келіссөзге келуге мәжбүрлегісі келетінін айтты. Мәскеу бұл әрекеттерді үлкен арандатушылық деп атап, «лайықты жауап» беретінін мәлімдеді. Украина Ресейдің батыс аумағына кіріп жатқанда, ресейлік әскерлер де Украинаның шығысындағы бірнеше ауылды басып алды. Сонымен қатар, МАГАТЭ басшысы Рафаэль Гросси Запорожье АЭС-іне жақын жерде дрон соққысынан кейін жағдайдың нашарлағанын айтып, ядролық қауіпсіздікке алаңдаушылық білдірді.
МАГАТЭ соққының кімнен болғанын анықтамады, бірақ оның Запорожье аймағындағы тобы дронмен жасалған соққыдан зақым келгенін айтты. Станция екі жылдан бері электр энергиясын өндірмей келеді. Ал оның алты реакторы сәуір айынан бері тоқтап тұр.
Жаңалықтар
- Нетаньяхудың тағдыры әзірге белгісіз: Ислам революциясы сақшылар корпусы таратқан мәлімдемелер шындыққа жанаспай жатыр
- Қазақстан халқының саны кезекті межеден асты
- Кувейт қателесіп АҚШ-тың үш жойғыш ұшағын атып түсірді
- Зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға көмек кабинеттері ашылады
- Астанада 558 млн теңге жымқырған мектеп директоры мен бас есепші сотталды
- Иран әскері Нетаньяхудың кеңсесіне соққы жасады
- Щучинскідегі жарылыс: Дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайын баяндады
- LRT жолаушылар үшін қашан іске қосылады? Астана әкімі жауап берді
- «Қайрат» ФК дәрігері Астана әуежайында бомба туралы қалжыңдаймын деп жауапқа тартылды
- Ресейден қауіпті вирус жұққан қызанақ тұқымдары елге әкелінген
- Ирандағы соғыс Қазақстанға қалай әсер етеді: Ормуз бұғазы мен мұнай бағасы
- Отардағы әскери бөлімде жағы сынған сарбазға қатысты тың дерек пайда болды
- Алты араб монархиясы Иранға ұжымдық қауіпсіздік аясында жауап беретінін мәлімдеді
- «Төмен баға ұсынған»: Астанада пәтерлерді екі реттен сатқан құрылыс компаниясы қызметкерлері қамалды
- Ұлыбритания Иран дрондарына қарсы күреске Украина сарапшыларын тартады
- Экс-президенттің қаза тапқаны жалған — Махмуд Ахмадинежад кеңсесі
- АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы операциясы: Соңғы жаңалықтар
- 26 жерінен пышақтап, мәйітін зорлаған: Диананың анасы сот үкімімен келіспей отыр
- Иран билігі АҚШ-пен келіссөз жүргізуден бас тартып отыр
- АҚШ-тың Иранға қарсы әскери шабуылы төрт аптаға созылуы мүмкін — Трамп