Украина мен АҚШ делегацияларының кездесуі ертең Майамиде өтеді
Украина мен АҚШ делегацияларының кездесуі ертең Майами қаласында өтетінін Украинаның АҚШ-тағы елшісі Стефанишина мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Елшінің айтуынша, қазіргі уақытта Украина мен АҚШ екі негізгі келісім бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Олар — қауіпсіздік кепілдіктері туралы және Украинаның экономикалық өркендеуіне қатысты келісімдер. Бұл келісімдердің жалпы көлемі 800 млрд долларға дейін жетуі мүмкін. Аталған құжаттарға келесі аптада Давоста өтетін Дүниежүзілік экономикалық форум аясында қол қойылуы ықтимал.
Кеше, Украина президенті Владимир Зеленский Киев делегациясының АҚШ-қа жол тартқанын, алдағы күндері онда АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігінің өкілдерімен кездесулер өтетінін мәлімдеді.
Украинаның мемлекет басшысы бұл жөнінде жұма күні, 16 қаңтарда Чехия президенті Петр Павелмен өткен баспасөз мәслихатында айтқан. «Еуропа шындығы» басылымы осындай мәліметтер келтіреді.
Зеленский осы кездесулерден кейін «АҚШ тарапымен іс жүзінде дайындалған құжаттарға қатысты да, сондай-ақ бұрын жүргізілген және қазір де жалғасып жатқан бүкіл дипломатиялық жұмыс пен Ресейдің жауабына қатысты да айқындалады» деген үмітін білдірді.
Оның айтуынша, қауіпсіздік кепілдіктеріне және Украинаны қалпына келтіру пакеттеріне қатысты бірқатар материалдарды әлі де пысықтау қажет. Егер барлық құжаттар дайын болса, қол қою рәсімі 19–23 қаңтар аралығында өтетін Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форум барысында жүзеге асуы мүмкін.
«Мәселе бүгін немесе шұғыл түрде қол қоюда емес. Ең бастысы — серіктестермен талқыланған барлық аспектілердің құжатта қамтылуы. Украина соғыстан кейін «жалаңаш әрі жалаңаяқ» қалмауы тиіс, бізде нақты қаржылай қолдау болуы қажет. Біз дәл осыған қатысты жұмыс істеп жатырмыз», — деп қосты ол.
Атап айтқанда, әңгіме он жыл ішінде Украинаны қалпына келтіруге шамамен 800 млрд доллар тарту туралы болып отыр. Келісімге қол қойылған жағдайда, ол бірқатар қарыздар, гранттар және жеке компаниялар тарапынан инвестициялық мүмкіндіктерге жол ашуы мүмкін.
Чехия президентімен өткен баспасөз мәслихатында Украина басшысы Киевтің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелеріне (ӘШҚҚ) арналған жаңа зымырандар пакетін алғанын да нақтылады. Бұған дейін Украинада оқ-дәрінің болмауына байланысты бұл жүйелерді пайдалану мүмкін болмаған.
«Бүгін таңертеңге дейін бізде зымырансыз бірнеше жүйе болды. Бүгін бұл туралы ашық айта аламын, себебі қазір бізде ол зымырандар бар», — деп түсіндірді Зеленский.
Оның айтуынша, Еуропа елдері мен АҚШ-тан әрбір әскери көмекті жеке өзі «сұрап, талап етуге» тура келіп отыр.
Естеріңізге сала кетейік, Украина Президенті Владимир Зеленский Нью-Йоркте өткен БҰҰ Бас Ассамблеясы барысында Дональд Трамппен өткен жабық кездесуі кезінде ұзақ қашықтыққа ұшатын Tomahawk қанатты зымырандарын беруді сұрады, бірақ Трамп бас тартты.
Бұған дейін, 14 қаңтарда Дональд Трамп Reuters агенттігіне берген сұхбатында Украинаның Ресейге қарағанда бейбіт келісімге «аздап дайын» екенін айтқан болатын.
Украина президенті бұл мәлімдемеге жауап ретінде Ресейдің Украина энергетикалық инфрақұрылымына жасап жатқан шабуылдары Мәскеудің бейбітшілікке мүдделі еместігін көрсететінін айтты.
2025 жылғы желтоқсанда Зеленский алғаш рет бейбітшілік жоспарының 20 тармағын жариялаған болатын. Биылғы қаңтар айында AFP агенттігі Украина президентіне сілтеме жасап, Киев пен оның еуропалық одақтастары бұл жоспардың негізгі тұстарын АҚШ-пен келісіп қойғанын мәлімдеді.
Тақырыпқа қатысты ұсынамыз:
- Зеленский Тomahawk зымырандарын сұрады, Трамп бас тартты
- Украина бейбітшілік үшін бәріне дайын: Зеленский саммиттен кейін Трамппен сөйлесті
- «Кәрістер» сценарийі бойынша соғысты аяқтау Украинаға келмейді – Зеленский
- Украина мен АҚШ Берлиндегі келіссөздерде бейбітшілік формуласын табуға тырысты
Жаңалықтар
- Қазақстан —Қытай арақатынасы нығая түспек: Гуанчжоуда бас консулдық ашылды
- Украина мен АҚШ делегацияларының кездесуі ертең Майамиде өтеді
- Трамптың арнайы өкілі Иранмен қақтығысты реттеудің төрт шартын атады
- Атырауда автобус ішінде жасөспірім қыздар төбелесіп қалды
- Елімізде таңбаланбаған ЖИ-контент үшін айыппұл қарастырылатын болды
- Алыпсатарлар кесірінен теңге күрт құлдырауы мүмкін
- Атырауда бір отбасының жоғалуы: Наурыз бен Мейрамгүлді іздеу жұмыстары тоқтатылды
- Қысқы Олимпиаданы тікелей эфирден қайда көруге болады
- Оспадарсыз әлеуметтік сақтандыру: қайтыс болғандарды қабылдауға жазып, ер адамдарды әйелдерге арналған скринингтен өткізген
- Алматының тынысы тарылды: энергетика министрі ЖЭО-3-тің жұмысын сынады
- Шымкентте 17 жастағы қызды алып қашқан жігіт ұсталды
- Еліміздің шығысында -45 градусқа дейін суытады: 12 облыста дауылды ескерту жарияланды
- Маржан Арапбаеваны ұрып, шашынан сүйреген азаматтық күйеуі қамалды
- Гүлнәр Бажкенованы енді кім қорғамақ? Мұрат Адам лицензиясынан айырылды
- Алматы облысында автобустың әйнегін сындырған үш адам ұсталды
- Мұрат Адам адвокаттық лицензиясынан айырылды
- Дінмұхамед Қонаевтың туған қарындасы қайтыс болды
- «Қанды сейсеп көрсетіп, сүйінші сұраған»: Шымкентте 17 жастағы қызды алып қашып, зорлады деп мәлімдеді
- Солтүстік Қазақстанда аязда қалып, үсікке ұрынған зейнеткер көз жұмды
- Тоқаев банктер туралы жаңа заңға қол қойды: қандай өзгеріс болады