Украина АҚШ-пен жаңа келіссөздерге дайындалып жатыр
Фото: President of Ukraine / Wikimedia Commons, CC0
Украина президенті Владимир Зеленский 10 наурызда Сауд Арабиясында тақ мұрагер ханзада Мұхаммед бен Салманмен кездесті. Келесі күні Украина мен АҚШ арасында Ресей-Украина қақтығысын реттеу бойынша жаңа келіссөздер өтуі керек, деп хабарлайды Orda.kz.
Reuters атап өткендей, соңғы уақытта Сауд Арабиясының келіссөздер үдерісіндегі рөлі артып келеді. Корольдік Украина мен Ресей Федерациясы арасында тұтқындарды алмасу туралы келісімге келді, сондай-ақ өткен айда ресейлік және америкалық делегацияларды қабылдады. Қазір АҚШ Ресеймен Киевтің қатысуынсыз келіссөздер жүргізіп жатқандықтан, Зеленский үшін Сауд Арабиясының қолдауын алу маңызды.
11 наурызда АҚШ пен Украина өкілдері Владимир Зеленский мен Дональд Трамптың Вашингтондағы атышулы кездесуінен кейін алғаш рет кездеседі. Олар сирек кездесетін табиғи қазбалар келісімі шарттарын және Ресей-Украина соғысын тоқтатудың ықтимал нұсқаларын талқылайды деп күтілуде.
«Зеленский сейсенбі күні америкалықтармен келіссөздерге қатыспайтынын айтты. Украина делегациясының құрамында оның штаб бастығы, қорғаныс және сыртқы істер министрлері, сондай-ақ жоғары лауазымды әскери шенеунік болады» деп хабарлайды Reuters.
Америкалық тарап қақтығысты дипломатиялық жолмен тоқтату үшін Киевтен жеңілдік күтетінін ашық айтты. Reuters ақпарат көзінің бірінің айтуынша, Америка Құрама Штаттары Украинаның «жай сөз жүзінде ғана емес, шынайы бейбітшілікке» орнайтынына көз жеткізгісі келеді.
«Шынайы бейбітшлік» шарттары қандай болуы мүмкін екені әлі де түсініксіз. Зеленский құрлықта және теңізде соғыс қимылдарын тоқтату, сондай-ақ тұтқындарды алмастыру арқылы бітімге келуді ұсынды. Бірақ Кремльді мұндай жағдайлар қызықтырмайды.
Бұған дейін АҚШ пен Украина делегацияларының Эр-Риядта кездесетіні белгілі болған еді. Осыған орай Дональд Трамп жаңа шулы мәлімдемелер жасады: ол Ресей мен Украинаны тезірек келіссөз үстеліне отыруға шақырды және Владимир Путиннің сөзіне сенетінін айтты.
Зеленский, ең алдымен, Ақ үйде болған оқиғаға өкініш білдіріп, Трамптың оны ренжітті, құрмет көрсетпеді деген айыптауларына жауап беріп, соғыс дипломатиялық жолмен шешілуі тиіс деген болатын.
Оқиғаның ауқымды резонанс алуы АҚШ Конгресінің делегациясы Мюнхен қауіпсіздік конференциясы барысында Украинаның минералдық ресурстарының 50 пайызына құқықты АҚШ-қа беру туралы келісімге қол қоюды ұсынған кезде Владимир Зеленскидің «сыпайы түрде бас тартқанынан» басталған еді.
Дегенмен кездесу болмай тұрып-ақ Владимир Зеленский: «Мен тарихта Путинге елімді басып алуға көмектескен адам ретінде қалғым келмейді» деп ескерткен болатын.
Жаңалықтар
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты