ҰҚК сегіз деструктивті топты қолға түсірді

cover

Қазақстанның сегіз облысында бір күнде деструктивті діни ағымдарға қатысы бар сегіз топтың мүшелері ұсталды.

Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

23 адам ұсталып, оның 17-сі уақытша ұстау изоляторына тоғытылды, алтауы келуге міндеттеліп босатылды.

«Олар ауыр және аса ауыр қылмыстарды, соның ішінде терроризмді насихаттау, адам ұрлау, бопсалау, сондай-ақ есірткі мен атыс қаруының заңсыз айналымын жасады деген күдікке ілінді. Бірқатар жағдайларда олар өз әрекеттерін бұрмаланған діни қағидаттармен ақтап алған» деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитеті.

49 тінту барысында атыс қаруы, оқ-дәрілер, діни әдебиеттер, ақша қаражаттары мен есірткі заттары тәркіленді.

Шымкент, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Түркістан және Жетісу облыстарында бір уақытта жүргізілген операцияға 250-ге жуық күш құрылымдары қатыстырылды.

Оларды ұстау Ішкі істер министрлігімен бірлесіп және Бас прокуратураның келісімімен жүргізілді.

Тергеу шаралары жалғасуда.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар