Түркістандағы мектеп оқушысы шетелдің 86 университетінен шақырту алды
Фото: Orda.kz
Арыс қаласындағы білім ордасының түлегі Айсұлтан Алтынбек биыл мектеп бітіреді. Бала күнінен IT саласына қызыққан түлек бүгінде мектебінің ғана емес, бүтін бір Түркістан облысының мақтанышына айналып отыр. Бір өзі 9 елдің 86 оқу ордасынан шақырту алды, деп хабарлайды Orda.kz.
«Мені оқуға шақырып отырған университеттер қатары артуы мүмкін. Тағы 10 оқу ордасынан жауап күтіп отырмын. Әзірге АҚШ-тың 68, Түркияның 7, БАӘ-нің 4, Венгрия мен Англияның 2 және Малазия, Испания жоғары оқу орындарынан оң жауап бар. Бұл нәтижеге 10-сыныптан бастап дайындалдым», — дейді Айсұлтан.
Бір қызығы 11-сынып оқушысы ҰБТ тапсырудан бас тартқан. Халықаралық дәрежедегі емтиханнан жоғары балл жинапты. SAT-1380, Duolingo-120 балл. Бұл әлемнің ең үздік оқу ордаларына жол ашатын нәтиже дейді.
«Басқа елде, басқа ортада тұрып, білім алғым келеді. Әр түрлі мәдениетті көріп, білу қашан да қызық қой. Арманым — Венгрияда білім алу болатын. Бірақ ол жақтан шақырту келгеніне қарамастан Испания мен Малазияға баратын сияқтымын. Әзірге қайда оқитыным белгісіз. Таңдап жатырмын», — дейді Айсұлтан.
Арыс қаласындағы «БИЛ» түлегі қарапайым отбасынан шыққан. Анасы — қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі болса, әкесі — фельдшер. Отбасында 7 бала. Қарындасы «НИМ» білім ордасында білім алып жатыр екен.
«Кішкентай кезімде әкем компьютерлік ерекше ойын әкелді. Онда тура біздің қазақтың тарихи бейнесі суреттелген. Сонда бала жүрегімде арман пайда болды: «Мен де қазақша, қазақтың тарихын танытатын ойын ойлап тапсам ғой» деген еді. Осы арманды жүзеге асыру үшін IT саласын таңдаған шығармын. Әрине қазір армандар көбейді, өзгерді. Әйтсе де, ойын ойлап табамын деген мақсатымнан айныған жоқпын», - дейді оқушы.
Айсұлтанның тағы бір арманы бар. Ол өзге де қазақ балалары өзі сияқты шет елдік оқу ордаларынан шақырту алсам дейді.
«Менің жолым болды. Біздің мектепте шәкірттердің көбі шет елге оқуға шақырту алады. Алдыңғы буын ағаларымнан жол сұрап, ізденіп, мен де көп таңдау жасауға мүмкіндік алдым. Өзімнен кейінгі қазақ балаларына осы жол түсінікті болу үшін қазақша сайт ашқым келеді. Ол жерде құжаттарды жинау, емтихандарға дайындалу, оқу ордаларын таңдау сияқты ақпараттар болғанын қалаймын», — дейді озат оқушы.
Айсұлтан IT-ден бөлек әдебиетке де қызығады. Күніне жарты сағатын кітап оқуға арнайтын бозбала қазір «Хәрри Потерді» ағылшын тілінде оқи бастағанын айтты.
Автор: Назерке Еркінбекқызы
Жаңалықтар
- Астанадағы 61 құрылыс компаниясы тұрғын үйді заңды белден басып сатқан
- Қу түлкі Астана маңында бір шана балықты олжаламақшы болды
- Қазақстандықтар шетелмен де трансшекаралық QR-төлем жасайды
- Мадуроның жақтастары Каракаста күнде шерулетіп жатыр
- Жерлесіміз Бублик ATP турнирі чемпиондарының алғашқы ондығына енеді
- 2026 жылдың алғашқы 10 күнінде 66 мың қазақстандық өзін-өзі жұмыспен қамтыған
- Конституцияның 30 жылдығына орай рақымшылық жасау аясында екі мыңнан астам адам бостандыққа шықты
- Ұлттық қордан балаларға 2025 жылы төленетін төлемдер қашан түседі
- Қазақстан президенті жаңа Құрылыс кодексіне қол қойды
- Нобель комитеті: Мачадо Трампқа бейбітшілік сыйлығын бере алмайды
- Еурокомиссия басшысы Ирандағы зорлық-зомбылықты айыптап мәлімдеме жасады
- Шымкентте қаза тапқан сарбаздың отбасына жасалған қысым: Тергеу әскери прокуратураның бақылауында
- АҚШ өз азаматтарын шұғыл түрде Венесуэладан кетуге үндеп жатыр
- Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің екі облысында қозғалыс шектелді
- Жексенбі күні Қазақстанның 15 облысында дауылды ескерту жарияланды
- Ирандағы қантөгіс: Жүздеген адам қаза тапты, жаппай тұтқындаулар мен өртке оранған мешіттер
- Ғасырда бір болатын құбылыс: 22 қаңтарда жер тұрғындары ғаламшарлар шеруін тамашалайды
- Әлеуметтік желіде желдей ескен «несиені кешіре салатын» ақпарат жалған
- Түркістандағы халықаралық әуежай инвесторға берілетін болды ма?
- Астанада жеңіл атлетикадан Қазақстанның қысқы чемпионаты басталды