Түркістанда жұдырығы жуан шенеунік қызметінен айырылды
Фото: Shutterstock
Түркістанда төбелеске қатысқан шенеунік қызметінен босатылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Әлеуметтік желілерде бірнеше ер адамның бір адамға жабылып жатқан «төбелессымақтың» видеосы тарап кетті. Бір сәтте көк көйлек киген ер адам жарақат алған азаматқа жасырын түрде соққы береді. Telegram-арна Kozachkow-тың хабарлауынша, жәбірленушінің жақ сүйегі сынған, ол біраз уақыт түтікше арқылы тамақтануға мәжбүр болған.
Кейін бұл соққыны Түркістан облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс басқармасының жетекшісі Сұлтанғали Жалықұл жасағаны анықталды. Мемлекеттік қызмет істері агенттігі тексерістен кейін төбелеске қатысқан шенеунікті әкімдіктен босатуды ұсынып отырғанын мәлімдеді.
«Этика кеңесі Жалықұлдың орынсыз, қоғамға қарсы әрекет еткенін анықтады. Ол өз іс-әрекетімен жалпыға ортақ моральдық-этикалық нормаларды бұзып, өзі өкіл болып отырған мемлекеттік органның беделіне нұқсан келтірді» деп жазылған агенттік хабарламасында.
Шешім 5 желтоқсанда қабылданған. Енді жергілікті органдар бұл нұсқауды орындауы тиіс.
Орда редакциясы Түркістан облыстық полиция департаментіне Сұлтанғали Жалықұлдың жаппай төбелеске қатысқаны үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылған-тартылмағаны жөнінде сұрау жолдады. Материал жарияланған сәтте ведомстводан жауап келмеді.
Еске салсақ, жақында Түркістан облысында бірден екі әкімдік басқармасының басшылары ұсталды. Олардың бірі бюджет қаражатын ұрлады, ал екіншісі пара берді деген күдікке ілінді
Жаңалықтар
- Нетаньяхудың тағдыры әзірге белгісіз: Ислам революциясы сақшылар корпусы таратқан мәлімдемелер шындыққа жанаспай жатыр
- Қазақстан халқының саны кезекті межеден асты
- Кувейт қателесіп АҚШ-тың үш жойғыш ұшағын атып түсірді
- Зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға көмек кабинеттері ашылады
- Астанада 558 млн теңге жымқырған мектеп директоры мен бас есепші сотталды
- Иран әскері Нетаньяхудың кеңсесіне соққы жасады
- Щучинскідегі жарылыс: Дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайын баяндады
- LRT жолаушылар үшін қашан іске қосылады? Астана әкімі жауап берді
- «Қайрат» ФК дәрігері Астана әуежайында бомба туралы қалжыңдаймын деп жауапқа тартылды
- Ресейден қауіпті вирус жұққан қызанақ тұқымдары елге әкелінген
- Ирандағы соғыс Қазақстанға қалай әсер етеді: Ормуз бұғазы мен мұнай бағасы
- Отардағы әскери бөлімде жағы сынған сарбазға қатысты тың дерек пайда болды
- Алты араб монархиясы Иранға ұжымдық қауіпсіздік аясында жауап беретінін мәлімдеді
- «Төмен баға ұсынған»: Астанада пәтерлерді екі реттен сатқан құрылыс компаниясы қызметкерлері қамалды
- Ұлыбритания Иран дрондарына қарсы күреске Украина сарапшыларын тартады
- Экс-президенттің қаза тапқаны жалған — Махмуд Ахмадинежад кеңсесі
- АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы операциясы: Соңғы жаңалықтар
- 26 жерінен пышақтап, мәйітін зорлаған: Диананың анасы сот үкімімен келіспей отыр
- Иран билігі АҚШ-пен келіссөз жүргізуден бас тартып отыр
- АҚШ-тың Иранға қарсы әскери шабуылы төрт аптаға созылуы мүмкін — Трамп