Түркістанда пара алды деген күдікпен ұсталған полицей жазадан құтылып кетті

cover Фото: Бейнежазбадан кадр

Түркістанда аңшы мылтығын заңсыз сақтаған тұрғыннан 200 мың теңге талап етті деген тәртіп сақшысы осыдан 4 ай бұрын құрықталған еді. Алайда пара алды деген күдікпен ұсталған полицей жазадан құтылып кетті, деп хабарлайды Orda.kz тілішісі.   

ҰҚК өкілдерінің қолына түскен полиция қызметкері тіпті сол жерден қашып кетуге де ұмтылғаны ел есінде. Сөйтіп, алғашында жемқорлық бабы бойынша жауапқа тартылған полицейдің үстінен қозғалған іс алаяқтыққа ауысыпты.

Ақыры прокурор оған 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұраған. Алайда, оның жазасы жеңілдеп, 20 еселенген көлемде айыппұл төлеуге міндеттелді. Оның соммасы 1 930 000 теңге. Осылайша 38 жастағы сотталушы сот залынан босатылды. Айта кетейік, ол бұған дейін бүкіл атақ-даңқынан айырылған болатын.

Авторы: Назерке Еркінбекқызы, Түркістан

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар