Түркістан облысында ағайындылар туабітті мүгедек бауырын зорлады: Сот өтіп жатыр
Фото: Бейнеден кадр
Түркістан облысы Келес ауданы Ұшқын ауылындағы 23 жастағы мүгедек жігітті 14 жыл бойы бауырлары зорлап келген. Сот отырысы жалғасып жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Туабітті мүгедек жігітті марқұм әкесінің бауырының балалары зорлаған. Оларға 9 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін. Іс жабық режимде қаралып жатыр. Жәбірленушінің анасы осы жылдың наурыз айында сұмдық оқиғаны жайып салған еді. Тергеу бірнеше айға созылып, ақыры сотқа жолданды.
«Прокурор екі айыпталушыға тиісінше 9 және 7 жыл сұрады. Бірақ мен олар ақталып кете ме деп қорқамын. Соттың шешіміне күмәнім бар», — дейді жәбірленушінің анасы.
Қазір үш күдікті қамауда отыр. Бірақ әйелдің сөзінше, қылмысқа алты туысы қатысқан болуы мүмкін. Алайда олардың бір бөлігі кәмелетке толмағандығы мен дәлелдің жетіспеуіне байланысты жауапқа тартылмаған.
Айыпталушылар сотта кінәсін мойындамаған. Енді екі жақ та үкімнің жариялануын күтіп отыр.
Айта кетейік, бұған дейін Гүлзада Ахметова 23 жастағы ұлының 14 жыл бойы зорланғанын айтып, әділдік іздеген еді.
Жаңалықтар
- АҚШ Ауғанстанды заңсыз қамауларды қолдайтын мемлекет деп таныды
- Демалыс күндері Таяу Шығыста не болды: Ирандағы соғыс, мұнай бағасының шарықтауы
- Трамп: АҚШ Иранға жасалатын соққы қарқынын 20 есе арттыруы мүмкін
- Қырғызстанда мектеп маңында зиян тағам сатуға тыйым салынады
- Тегеран Түркия, Әзербайжан және Кипрге шабуыл жасамаған — Иран СІМ
- 2430 жылға сотталуы мүмкін: Стамбұлдың экс-мэріне қатысты сот басталды
- Ирандағы «мұнай аралас жаңбыр»: ДДҰ дабыл қақты
- Атырауда Жангелдин ауылының жоғалып кеткен екі тұрғынының мәйіті табылды
- Қазақстанның үздік теннисшісі турнирдің ширек финалына шықты
- «Қышқыл бұлттар» пайда болғаны туралы ақпарат жалған
- Дауыс беру кезінде «өшіп кететін сия» туралы бейнеге ОКҚ түсініктеме берді
- Ұлттық банк төрағасы Қазақстандағы инфляцияның үдеу қаупі туралы айтты
- Уиткофф пен Кушнердің 10 наурыздағы Израильге сапары тоқтатылды
- АҚШ қоғамы Трамптың кенже ұлы Бэрронды Ирандағы соғысқа жіберуді талап етіп жатыр
- Қазақстандық ғалым Шыңжаңда Абайды «дұрыс түсіндірмеді» деген айыппен сотталды
- Щучинскідегі өрттен зардап шеккен тағы екі адам ауруханада бақилық болды
- Таяу Шығыстан 7,3 мыңнан астам қазақстандық эвакуацияланды
- Ирандағы соғыс жағдайына байланысты әлемдік нарықта мұнай бағасы өсе түсті
- Тараз тұрғыны «өзін-өзі тонап», қарақшылық туралы экшн сценарий ойлап тапқан
- Таяу Шығыс елдеріне 28 ақпаннан кейін рәсімделген турларға кепілдік берілмейді