Түркияда туристердің банк карталарынан 30 миллион долларға жуық ақша ұрланған
Түркияда туристердің банк карталарынан ақша ұрлап келген қылмыстық топ анықталды. Шетел азаматтарының шоттарынан жалпы көлемі 1,15 миллиард лирадан (шамамен 30 миллион доллар) астам қаражат шешілген, деп хабарлайды Orda.kz Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.
Төрт ай бұрын Түркияның мемлекеттік банкі шетелде тұратын адамдардың есепшоттарындағы күмәнді қаржы қозғалысын байқап, тергеу басталған. Осыдан кейін полиция арнайы жедел топ құрып, ақшаның ізін бақылай отырып, бұл қаржылар Түркияның Айдын қаласындағы екі қонақ үйге қатысты екенін анықтады.
Қонақ үй иелерін техникалық және физикалық бақылауға алған құқық қорғаушылар ұрлық сызбасын және оған қатысы бар тұлғаларды әшкереледі. Белгілі болғандай, қонақ үйлердің бірінің иесі – қылмыстық топтың басшысы деп күдікке ілінген адам – шетелдік туристердің карталық мәліметтерін автокөлікті жалға беретін және басқа қонақ үйлерге беріп отырған.
Нәтижесінде туристерге бұрынғы броньдалған қонақ үй бөлмелері мен көліктер үшін қайта төлем жасалды. Туристер өз шоттарынан бірнеше мәрте ақша алынғанын тек үйлеріне қайтқан соң ғана білген.
Сонымен қатар, күдіктілердің кейбірі шетелге шығып, түрлі әдіспен шетел азаматтарының банк карталары туралы ақпарат жинағаны анықталды. Бұл мәліметтерді кейін қылмыстық топ өз мақсатына пайдаланған.
Алаяқтық жолмен алынған ақшалар жалған компаниялар арқылы жиналып, «смурфинг» деп аталатын әдіспен топ мүшелерінің жеке шоттарына бөлініп жіберілген. Бұл тәсіл ақшаның ізін жасыруға көмектескен. Кей жағдайда топ мүшелері сол ақшаларға мүлік сатып алып, оны қайта сатып, қолма-қол ақшаға айналдырған.
Алдын ала мәлімет бойынша, 268 адам зардап шеккен. Олардың банк карталарынан жалпы сомасы 1,15 миллиард лира (шамамен 29,2 миллион доллар) ұрланған.
Түркияның ішкі істер министрі Али Ерликай полиция тарапынан қылмыстық топты құрықтау бойынша ауқымды операция жүргізілгенін мәлімдеді. Қылмыстық топ мүшелері Измир, Анталья, Стамбұл және Мугла қалаларында ұсталды. Барлығы 20 адам тұтқындалған.
Бұған дейін Түркияға жақында барып қайтқан туристер Стамбұлдағы таксистер тарапынан жаңа алаяқтық толқынына ұшырағаны туралы алаңдатарлық оқиғалармен бөліскен болатын.
Жаңалықтар
- Израиль Каспий теңізіндегі әскери-теңіз күштеріне жасаған соққысының видеосын жариялады
- Наурыз мейрамы парсылардан келген бе?
- Мойнымнан қылқындырды: Екі баласынан жәбір көрген әке тың деректерді айтты
- Итті құтқарып қалған: Алматылықтардың ерлігі арт-нысанға айналды
- Шымкентте жасөспірім 5-сынып оқушысын ұрып-соққан видео тарады
- Екібастұзда әкімдік қызметкерлері букмекерлік кеңселерде құмар ойын ойнаған
- Бесқонақ: Қазақ танымындағы құпия бес күн
- Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыға келіп, 23 млн долларлық суперкомпьютер кластерімен танысты
- Иранда үкіметке қарсы шеруге қатысқан үш адам дарға асылды
- Алматы облысының тұрғыны алимент төлеу үшін бүйрегін сатпақ болған
- Жамбыл облысында ірі көлемдегі жымқыру күдігімен аурухананың бас дәрігері ұсталды
- Қазақстандықтар наурызда қосымша тағы бір күн демалады
- Шенеунік қамауға алынғанын жасыру үшін аурухана анықтамасын пайдалануға тырысқан
- Түрікменстаннан келген студент Алматыда босанып, баласын тастап кетуге тырысқан
- Трамп Тоқаевты Майамиге шақырды
- Ғабиден Мұстафин: индустрия дәуірін жазған қаламгер
- Ұлдары әкесін ұрып-соғып келген: Жетісу облысында жанжал айлар бойы жалғасып жатыр
- Израиль Каспий теңізі аймағындағы Иран нысандарына шабуылдады
- Таяу Шығыстағы жағдай: Трамптың мың құбылуы мен жоғары лауазымды тұлғалардың өлімі
- Сауд Арабиясы: Иранға деген сенім жойылды