Түркі инвестициялық қоры ресми түрде іске қосылды
Фото: Үкімет
Ыстамбұлда Түркі инвестициялық қорына (TIF) мүше елдер Басқарушылар кеңесінің бірінші инаугурациялық отырысы өтті.
Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров кеңестегі Қазақстанның өкілі болды.
Түркі инвестициялық қоры түркі әлемі елдерінің экономикалық интеграциясының алғашқы бірлескен қаржы институты. Оның бастапқы капиталы 500 миллион АҚШ долларын құрайды. Түркия Қаржы министрлігінің мәліметінше, 2024 жылдың соңына қарай түркі мемлекеттері әлемдік экономикада маңызды орынға ие болып, экономикалық көлемі 1,9 триллион долларға және халқы 178 миллион адамға жетеді.
Нұрлан Байбазаров Қазақстан үшін түркі интеграциясын дамытудың ерекше маңыздылығын атап өтті.
Қор жұмысы әртүрлі салалардағы бірлескен жобаларды қолдауға бағытталатын болады. Олар инфрақұрылым, жаңартылатын энергия көздері, ауыл шаруашылығы, туризм, IT сияқты салаларды қамтитын болады.
Қор аясындағы ынтымақтастық Қазақстанға әлеуметтік маңызды жобаларды іске қосу үшін қаржыландыру, гранттар және техникалық көмек алуға, сондай-ақ түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдермен сауда-экономикалық өзара іс-қимылды нығайтуға мүмкіндік береді.
Жаңалықтар
- ҰҚК шетелдік әріптестерімен бірлесіп, халықаралық есірткі контрабандасы арнасын жойды
- Луврдағы қарақшылық: Мұражайға жаңа басшы тағайындалды
- Зеленский Трамппен телефон арқылы алдағы кездесулер жоспарын талқылады
- Бүгін Астанада бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды
- Қызылордада мектеп оқушысының жыныстық құлдыққа түсуі: Клиенттерге қатысты іс бөлек қаралуда
- Әскердегі сарбаздардың несиесі 300 млн теңгеге жеткен: Іске бас әскери прокуратура араласты
- Ақорда жаңа дипломатиялық тағайындау жасады: Садықов Руандаға да жауапты
- Президент XXV Қысқы Олимпиада жеңімпаздарын марапаттады
- Камералар жаяу жүргінші мен темекі шегушілерге де айыппұл сала бастайды
- Жәнібек Әлімханұлының қанында мельдоний қайдан жүр? Боксшыға дәрі егілген
- Қарағанды облысында Су-30СМ жойғыш ұшағы апатқа ұшырады
- Қатарлық бизнесмендер қазақтандық Tele2 операторын сатып алу жоспарын айтып берді
- Қожамұратова ісінде 392 құжат жарияланып, 298 жәбірленушіден жауап алынды
- Депутат Эпштейн файлындағы қазақтар туралы шындықты талап етті
- Павлодарда вейп дауымен қызметтен кеткен подполковник өзін ақтап алды
- Қазақстанда мұғалімдер енді мектептен тыс уақытта оқушы үшін жауап бермейді
- Алматы тауларында қар көшкіні кезінде студент қаза тапты
- КХДР ядролық күштерін Ким Чен Ынның 13 жастағы қызы басқарады
- Бейбітшілік кеңесінің ресми сайты іске қосылды
- БҚО-да жол құрылысына бөлінген қаржыны қолды қылған басшылардың тергеуі аяқталды