Түлектер альбомы дауға айналды: Алматы облысында 49 мектептің ата-анасы 14 миллионға алданғанын айтты
Коллаж: ЖИ көмегімен жасалды
Алматы облысында 49 мектептің ата-аналасы балаларына түлектер альбомын жасатамыз деп 14 млн теңгеден астам қаржысын беріп, сан соғып қалды. Бір жылға жуық уақыт өтсе де не ақша, не естелік суреттер қайтарылмаған. Orda.kz тілшісі жәбірленушілер мен компания өкілі жауаптарын тыңдады.
Редакциямызға балалары 2025 жылы бітіріп кеткен Алматы облысындағы мектептердің ата-аналары хабарласты. Олардың айтуынша өткен жылы мамыр айында балаларына түлектер альбомын жасатамыз деп өздері арнайы компания тауып, келісім-шартқа отырған. Бастапқыда елу пайызын артынша оқушыларды суретке түсіріп болған соң үш күннен кейін тағы елу пайызын төлепті. Бірақ, естелікке толы альбомға бір жыл бойы қол жеткізе алмай жүр.
Содан бір мектептің ата-анасы осы альбом жасаумен айналысатын компанияның 2ГИС қосымшасына өзінің пікірін қалдырмақшы болғанда ол жерде алданған жалғыз мектеп емес екенін білген. Осылайша Алматы облысы бойынша ата-аналары бір-бірін іздеп тапқанда бас-аяғы 62 мектеп болып, қазір 49 мектеп қалған екен. Бізге сұхбат берген ата-аналардың айтуынша, 13 мектеп өздері қалған ақшасын төлеп, баспадан өздері алып кетіпті.
«Біз балаларымыз мектеп бітіріп жатқан соң өзіміз инстаграмнан albom_аla парақшасын таптық. Іле ауданында орналасқан №12 С.Байсерке атындағы мектепте менің балам 2025 жылы мектеп бітірді. Біз сыныпта 24 баладан 450 000 теңге жинап бердік. Хабарласып, бағасын бәрін білген соң, келісім-шартқа отырдық. Келісім бойынша алдымен елу пайызын сосын балаларды түрлі локацияларда суретке түсіріп болған соң қалған ақшасын бердік. Яғни, біз жүз пайыз альбомның ақшасы төледік. Біз де төлемді растайтын түбіртек пен екі жақты ЖК KHAN пен SA HOLDING жеке кәсіпкерлер мен ата-аналар арасында бекітілген келісімшарт та бар. Тіпті шартта егер тапсырысты орындаушы тарап өз міндетін орындамаса сотқа бере алады деген жазу тайға таңба басқандай жазылған. Біз енді арыздансақ бізге ЖК KHAN дегеннің иесі Әлихан Темірхан деген бала неге арызданасыңдар деп айтады», — Самал Бектасова.
Ата-аналардың айтуынша, бір айда дайын болады деген альбом бір жылға созылып кеткен екен. Келісім-шартта көрсетілгендей ақыры өз тапсырыстарын алмаған ата-аналар кеңселеріне жинала бастағанда алданған жалғыз мектеп емес, Алматы бойынша альбомдарын ала алмаған түлектердің көп екенін біледі. Содан олар аудандарына барып полицияға арыз жаза бастайды.
«Бір жылға жуық уақыт өтті — не ақша қайтпады, не альбом жоқ. Әлихан чатта әлі күнге дейін уәде береді, бірақ нақты әрекет жоқ. Керісінше, бізбен дөрекі сөйлеседі. Тіпті, «сендерге ештеңе жасамаймын, қаласаңдар официант болып, күніне екі мыңнан берейін», деп мысқылдаған аудиосы да бар. Біз барлық инстанцияға жүгіндік — полицияға да, прокуратураға да, бірақ нәтиже жоқ», — деді Эльмира Әлниязова Алматыдағы 112 мектептің 2025 жылғы түлегі.
Ата-аналардың айтуынша, олар өткен жылдың маусым айынан бастап арыз жаза бастапты. Алмалы аудандық полициясына, қалалық полиция департаментіне және прокуратура органдарына бірнеше рет жүгінген, алайда ұзақ уақыт бойы «қылмыс құрамы жоқ» деген жауап келген. Кей сыныптарға түсірілімге мүлде келмеген, ал кейбіріне түсірілімнің күнін кейінге шегерген. Соның салдарынан ата-аналар қосымша шығынданып, балаларын өз қаражатына тасымалдауға мәжбүр болған. Қазір іс қалалық прокуратураның араласуынан кейін қайта қозғалғанымен, нақты нәтиже жоқ екен.
«Алмалы аудандық полициясы әлі нақты тергеу жүргізген жоқ. Ата-аналар бірнеше рет шағымданғанымен, сұрақ қойылмады, ешкім шақырылмады. Яғни, қылмыстық іс ресми тіркелгенімен, әлі күнге дейін іс жүзінде тоқтап тұр. 400-ге жуық адамнан 14 млн теңгеден астам ақша жиналды. Бірақ бізді азаматтық іске жіберіп отыр. Бұл — таза алаяқтық. Осы уақыт ішінде олар атауын өзгертіп, жаңа бизнес ашып үлгерген», — деді Әлниязова.
Сонымен қатар, ата-аналардың бірі Гүлжан Тұрсынханова олар KHAN пен SA HOLDING иелері бүгін де басқа қымбат сағат пен гүл сату және көліктерді жалға берумен айналысып бизнестерін дөңгелетіп отырғанын айтты. Сонымен қатар, дәл осындай түлектерге альбом жасап береміз деп басқа да ірі қалаларға таргет тартатып жатқанын айтты.
«Мен өзім чат ашып, 60-тан астам мектептің ата-анасын жинадым. Қазір 49 мектептің түлектері дымсыз отыр, қалғандары өздері баспадан барып қосымша ақша төлеп, шығарып алғандары бар. Мен чат ашқанда осы Әлихан мен қасындағы серіктесі Сара екеуін қостым. Кім чатта қатты-қатты сөйлесе, соның жекесін шығып, «әпке, көке жасап береміз» деп айтады екен. Баспахана маған хабарласып, Әлиханның оларға 900 мың теңге қарыз екенін айтты. Бұлар бұнымен шектелмейді, алда мектеп бітірушілердің маусымы келе жатыр. Олар енді 2026 жылғы түлектерге Астана, Ақтау, Тараз, Атырау сынды қалаларға таргет таратып, жарнамалап жатыр. Енді олар да алданып қала ма деп ойлаймыз», — деді Тұрсынханова.
Біз осы KHAN деп тіркелген жеке кәсіпкер Әлихан Темірханға хабарласып оқиға қатысты оның пікірін сұрадық. Темірханның айтуынша, ол өзі өзге біреуге алданып қалған әрі қазіргі таңда ешқандай жұмыссыз отырғанын тек алдағы маусымда түлектерге тағы да альбом дайындап қаражат тапқан соң ғана қайтарып бере алатынын айтты.
«Мен бұл жерде өзім де алданып отырмын. Осы тапсырмаларды алған кезде серіктесім Сара екеуміз бір танысымызға 24 млн-ға жуық ақшаны қарызға бердік. Ол тез арада қайтарамын деген еді. Содан ол сол кеткеннен мол кетті. Ақша қайтпады, сондықтан мен ісімді ары қарай жалғастыра алмай қалдым. Мен ол ата-аналармен бір чатта отырамын, дәл қазір менің оларға қайтаратын ақшам да, альбомдарды шығаратын қаражатым да жоқ. Тек енді 2026 жылғы мектеп түлектеріне осы альбом жасап, кәсібімізді қайта бастап, қаражат тапқан соң қайтарып беремін. Мен қазір жұмыс істемеймін, өткенде курьер болып азын-аулақ қана ақша таптым. Ал ол кісілер айтқан гүл, сағат сату және көлікті жалға беру кәсіптеріне менің қатысым жоқ, олар менің достарымдікі мен жай оны жеке парақшама шығарып, жарнамаладым, ол кәсіптер менікі емес», — деді Әлихан Темірхан.
Алмалы ауданында азаматтық іс қозғалғанына қатысты істің қай дәрежеде екенін білу үшін Алматы полиция департаментіне сауал жолдадық.
«Аталмыш дерек бойынша Алмалы аудандық басқармасына қарасты полиция бөлімінде Қылмыстық кодекстің 190 баптың 3 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды қазіргі таңда күдікті анықталып оны ұстауға бағытталған кешенді іс-шаралар жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда ресми түрде 52 адам осы іс бойынша арыз түсіріп жәбірленуші болып танылды», деп жауап берді Алматы қаласының полиция департаменті.
Оқи отырыңыз:
- Талғардағы трагедия Түркістан облысында қайталана жаздады
- Бұрынғы шенеунік Жақсылық Омар сотта кінәсін толық мойындады
- Мойнымнан қылқындырды: Екі баласынан жәбір көрген әке тың деректерді айтты
Жаңалықтар
- «Жауыз емеспін». Актер Асқар Жұмабек даулы оқиға туралы өз нұсқасын айтты
- Түлектер альбомы дауға айналды: Алматы облысында 49 мектептің ата-анасы 14 миллионға алданғанын айтты
- Ресей президенті мамыр айының соңында Қазақстанға келеді
- Бұрын сотталған Асқар Жұмабек түсірілімде әріптесіне қол көтермек болған
- Әсет Матаев төбелескендерді ажыратпақ болып, соққыға жығылды — адвокат
- Тоқаев Алматы әкіміне жаңа жобаларды жетілдіру міндетін қойды
- Атырауда фельдшердің өліміне қатысты іс бойынша 19 адам сот алдында жауап береді
- Бұрынғы қазақтар «Наурыз» мейрамын қалай тойлаған?
- AZAL ұшағы апатына қатысты жаңа деректер: сараптама алынды, қорытынды жасалып жатыр
- ЛРТ және «кірешілер»: арқанмен вагон сүйреген жұмысшылар мемге айналды
- Жеті ел Ормуз бұғазын ашуға жәрдемдесуге дайын екенін мәлімдеді
- Аралдың құрғаған түбінде дрондар ұшып жүр: теңіз орнына тұқым әуеден себілуде
- Ақтөбе облысында бір топ жігіттің төбелесі адам өлімімен аяқталды
- Атырау облысында алты айлық сәби ауруханаға бара жатқан жолда қайтыс болды
- Талғардағы трагедия Түркістан облысында қайталана жаздады
- Alatau city-де жер шетелдіктерге жалға беріледі
- Әсет Матаевқа тағылған айыптардың бір бөлігі алынды
- Трамп Израильге ескерту жасады. Таяу Шығыста не болып жатыр?
- Жыл басталғалы терроризмге қатысы бар 17 адам сотталып үлгерді
- Арнайы ХҚКО басшылығы жүргізуші куәлігі үшін пара алып, сотты болды