Тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң күшіне енді

Қазақстанда 2024 жылғы 16 маусымнан бастап мемлекет басшысы 2024 жылғы 15 сәуірде қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң күшіне енді, деп хабарлайды Orda.kz.
Заң әйелдер мен балаларға, оның ішінде отбасындағы зорлық-зомбылық үшін жазаны қатайтып, оларды зорлық-зомбылықтан қорғауға бағытталған. Талқылау мен қабылдаудың барлық кезеңдерінде бұл құжат қоғамда үлкен резонанс тудырды.
Заң әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген көріністері үшін жауапкершілікті күшейтетін нормаларды енгізді, сондай-ақ ол отбасы институтын және кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін нығайтуға арналған.
Жаңа заң неке-отбасы заңнамасы негіздерін дәстүрлі отбасылық құндылықтарды және басқаларды нығайту және насихаттау сияқты жаңа принциптермен кеңейтілген. Сондай-ақ жергілікті өкілді және атқарушы органдардың неке институтын нығайту жөніндегі құзыретін кеңейту және отбасылық, әлеуметтік-экономикалық қолдау, қиын өмірлік жағдайға тап болған тұлғаларға (отбасына) жан-жақты қолдау көрсетуді анықтау және ұйымдастыру көзделген.
Қылмыстық кодекс 3-бап кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылыққа қандай қылмыстар жататынын анықтайтын тармақпен толықтырылды.
Жаңалықтар
- Семейдегі тым-тырыс сайлау: Алаштың астанасындағы «демократия»
- Әскери басшының қызметкерге балағат сөздер айтқан бейнежазбасы тарады
- Ақтөбеде 14 жастағы Нұржан Сыдық өліміне күдікті үш мектеп оқушысы ақталды
- Ақорда берген пәтер: Тоқаевтың жеке журналисінің басы дауға қалды
- Фабио Каннаваро Өзбекстан құрамасының бас бапкері атанды
- Шерхан Қалмұрзаға ғылым министрі грант табыстады
- Басы дауға қалған көлік министрлігінң шенеунігі «әкімдікке» жіберілді
- Қазақстанда Джеки Чан ойнайтын жаңа «Құдіретті сауыт» фильмі түсіріледі
- Тамара Асардың өгей ұлы өмірден озды
- Президент резиденциялары дирекциясының бұрынғы басшысы заңсыз алтын өндірген
- Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі банкрот деп танылды
- Қоянқұста ата-аналар балаларын мектепке жібере алмай отыр
- Қызылордада мүмкіндігі шектеулі баланы қорлап, аяғын күйдіргендер ұсталды
- Екібастұзда КСРО басшысы Георгий Маленков тұрған пәтер сатылымға шықты
- Таразда әкімдік қызметкерлері мемлекеттік мүлікті заңсыз сатқан
- Дана Әбдірова Перудегі әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды
- Республика сарайында Путинді жер-көкке сыйдырмай мақтаған Ситников кім?
- Салтанат Нүкенованың есімі елдің тарихи тұлғалар пантеонына енгізілді
- БАӘ-де заңсыз мұнай сатқан қазақстандық ұсталып, елге экстрадицияланды
- Ғани Майлыбаев Алматы облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды