АҚШ президенті Дональд Трамптың Украина бойынша арнайы өкілі Кит Келлог Украинаға өз жерлерін Ресейге беруге тура келетінін айтты. Оның орнына ел қауіпсіздік кепілдігін алатыны айтылды, деп хабарлайды Orda.kz Унианға сілтеме жасай отырып.
Келлог Украинаның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілінің орынбасары Кристина Гайовишиннің сөзіне келесідей түсініктеме берді.
«Украина өз халқының алдында осындай ұстанымды ұстануы керек, бірақ елге соғысты тоқтату үшін Ресейдің аумақтық жеңілдіктеріне қатысты күрделі шешімдер қабылдауға тура келіп тұр».
Сондай-ақ, Келлогтың айтуынша, Трамп командасы Ресей өкілдерімен бірге «бейбіт жоспар» әзірлеген, оны Украинаның «қабылдамауы қиын», себебі онда қауіпсіздік кепілдіктері бар.
«Біз, яғни мен және Стив Уиткофф, Ресейден келген Кирилл Дмитриев, украиндықтарды тарта отырып, оларға кері қайтару қиын болатын ұсынысқа келдік... Кейбіреулерін аздап өзгерту керек, бірақ ол келіссөздер кезінде жасалады, президент мұны түсінеді. Мен түпкілікті нәтиже туралы ойланамын және келісімге қол жеткізу үшін негіз бар деп есептеймін», - деп түсінік берді Келлог.
Бұл ретте арнайы өкіл ресейліктер де жоспарға өз түзетулерін ұсынатынын айтты.