Трамп Украинадағы соғыс жағдайын АҚШ-тың КСРО-ны «жеңгенімен» салыстырды
Фото: Jonathan Ernst / Reuters
АҚШ президенті Дональд Трамп Украинадағы соғыс төңірегіндегі жағдай мен 1980 жылғы Олимпиадада АҚШ-тың хоккей құрамасының КСРО командасын аяқ астынан жеңіп кеткенімен салыстырды, деп хабарлайды CNN-ге сілтеме жасай отырып Orda.kz.
Ол 1980 жылғы АҚШ командасының хоккейшілерін марапаттау рәсімінде Кеңес Одағы құрамасын жеңгені туралы дәл осылай деген болатын.
«Бұл ұқсас жағдай», - деді Трамп жанжал тақырыбын қозғай отырып.
Алайда ол бұл салыстыруды әрі қарай түсіндірмеді әрі Украинадағы соғыстың қалай аяқталатынын еш болжай алмайтынын айтты.
«Не болатынын көрейік. Қазір біз қандай мәміле жасай алатынымызды білу үшін жұмыс істеп жатырмыз. Жақын арада бәрі түсінікті болады деп ойлаймын», - деп түсіндірді ол.
Мақалада айтылғандай, АҚШ Украинадағы қақтығысты реттеу жөніндегі 28 пункттік бейбіт жоспар ұсынғаннан кейін қарқынды дипломатиялық күш-жігер пайда болған сияқты.
Сонымен қатар, осы аптада Ақ үй егер олар тиімсіз деп есептесе, қосымша келіссөздерге қатыспайтынын мәлімдеді.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Трамптың ГФР канцлері Фридрих Мерцпен, Ұлыбритания премьер-министрі Киир Стармермен және Франция президенті Эммануэль Макронмен телефон арқылы сөйлескенде шамалы сөзге келіп қалған болатын. Бұл туралы журналистерге АҚШ президенті өз айтып берді.
Сонымен қатар АҚШ президенті Дональд Трамптың арнайы өкілі Берлинде Украина, Германия, Франция және Ұлыбритания басшыларымен кездесу өткізеді. Бұған дейін Ақ үй келіссөздердің нақты құндылығы болған жағдайда ғана өз өкілін жіберетінін айтқан болатын.
Тағы бір еске салатын жайтБеларусь билігі тыңшылық, терроризм және экстремизм үшін сотталған 123 азаматқа рақымшылық жасады.
Жаңалықтар
- Нетаньяхудың тағдыры әзірге белгісіз: Ислам революциясы сақшылар корпусы таратқан мәлімдемелер шындыққа жанаспай жатыр
- Қазақстан халқының саны кезекті межеден асты
- Кувейт қателесіп АҚШ-тың үш жойғыш ұшағын атып түсірді
- Зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға көмек кабинеттері ашылады
- Астанада 558 млн теңге жымқырған мектеп директоры мен бас есепші сотталды
- Иран әскері Нетаньяхудың кеңсесіне соққы жасады
- Щучинскідегі жарылыс: Дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайын баяндады
- LRT жолаушылар үшін қашан іске қосылады? Астана әкімі жауап берді
- «Қайрат» ФК дәрігері Астана әуежайында бомба туралы қалжыңдаймын деп жауапқа тартылды
- Ресейден қауіпті вирус жұққан қызанақ тұқымдары елге әкелінген
- Ирандағы соғыс Қазақстанға қалай әсер етеді: Ормуз бұғазы мен мұнай бағасы
- Отардағы әскери бөлімде жағы сынған сарбазға қатысты тың дерек пайда болды
- Алты араб монархиясы Иранға ұжымдық қауіпсіздік аясында жауап беретінін мәлімдеді
- «Төмен баға ұсынған»: Астанада пәтерлерді екі реттен сатқан құрылыс компаниясы қызметкерлері қамалды
- Ұлыбритания Иран дрондарына қарсы күреске Украина сарапшыларын тартады
- Экс-президенттің қаза тапқаны жалған — Махмуд Ахмадинежад кеңсесі
- АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы операциясы: Соңғы жаңалықтар
- 26 жерінен пышақтап, мәйітін зорлаған: Диананың анасы сот үкімімен келіспей отыр
- Иран билігі АҚШ-пен келіссөз жүргізуден бас тартып отыр
- АҚШ-тың Иранға қарсы әскери шабуылы төрт аптаға созылуы мүмкін — Трамп