Трамп Канадамен жанжалдасты

cover Фото: Ақ үй

Бұған себеп – Канада мен шетелдік компанияларға салынатын цифрлық қызметтер салығы, деп хабарлайды Orda.kz.

Truth Social әлеуметтік желісінде Дональд Трамп: «Канада – сауда жасауа өте қиын ел» деп жазды.

«Себебі, олар жылдар бойы біздің фермерлердің сүт өнімдеріне 400 пайызға дейін баж салығын салған. Енді АҚШ-тың технологиялық компанияларына қатысты цифрлық қызмет салығын енгізетінін мәлімдеді. Бұны біздің елге тікелей әрі ашық шабуыл деп есептейміз. Олар Еуропалық Одақтың жолымен жүріп келеді. Олар да сөйткен еді, енді қазір олар бұл мәселеде бізбен келіссөз жүргізіп жатыр» деп жазды Трамп. 

АҚШ-тың бұрынғы президенті: «Канадамен барлық сауда келіссөздерін дереу тоқтатамын» деп мәлімдеді.

«Алдағы жеті күн ішінде Канадаға АҚШ-пен бизнес жүргізу үшін қандай баж салығын төлеуі қажет екенін хабарлаймыз. Бұл мәселеге назар аударғандарыңыз үшін рақмет!» – деп қосты ол. 

Айта кетейік, цифрлық қызметтер салығы Канада аумағында онлайн қызметтер көрсететін отандық және шетелдік компанияларға қолданылады. Бұл салық Канададағы аудиториядан түскен табыстың 3 пайызын құрайды және Amazon, Google, Meta, Uber, Airbnb секілді алпауыт компанияларға әсер етеді.

Биылғы 1 ақпанда АҚШ президенті Дональд Трамп Қытайдан, Канададан және Мексикадан АҚШ-қа импортталатын тауарларға, сондай-ақ Канада энергетикасына  баж салығын енгізетінін мәлімдеді.

Наурыз айында АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ-Канада шекарасын демаркациялау туралы ғасырлық келісімді қайта келіскісі келді.

 
Тізімге электроника түрлері де кірді. Бұл тұтынушыларды бағаның күрт өсуінен қорғап, Apple және Samsung сияқты электрондық өнеркәсіп алыптарына пайда әкелуі тиіс.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар