Трамп Гренландия мен Канаданы АҚШ-қа қосып алған «әлемнің жаңа картасын» көрсетті
Фото: Gage Skidmore / Wikimedia Commons, CC BY-SA 2.0
АҚШ Президенті өзінің Truth Social әлеуметтік желісінде Гренландия, Венесуэла және Канада аумақтары Америка туымен белгіленген суреттерді жариялады, деп хабарлайды Orda.kz.
Truth Social-дағы алғашқы жарияланымда Трамп Ақ үйдегі кабинетінде еуропалық елдердің көшбасшыларымен сөйлесіп отыр. Оның жанында Венесуэла, Канада және Гренландия аумақтары АҚШ туымен белгіленген карта тұр.
Фото: Truth Social
Екінші суретте Дональд Трамп Гренландия аумағында Америка туын тігіп жатыр. Оның жанында АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио мен вице-президент Джей Ди Вэнс тұр. Тақтайшаның қасында 2026 жылы Гренландия Америка аумағына айналды деп жазылған.
Фото: Truth Social
Бұған дейін біз Дональд Трамптың бірқатар мемлекеттердің, соның ішінде Қазақстан президентінің қатысуымен Газа бойынша халықаралық «Бейбітшілік кеңесі» құрылғанын жариялағанын жазғанбыз. Оған негізінен қақтығысты саяси реттеуге және өңірдің соғыстан кейінгі құрылымын талқылауға қатысуға дайын елдер шақырылады.
Трамп Тоқаевты Газадағы бейбітшілік кеңесіне шақырды. Президенттің баспасөз-хатшысы Руслан Желдібайдың айтуынша, Тоқаев Қазақстанның таяу шығыста берік бейбітшілікке қол жеткізуге, мемлекетаралық сенім мен жаһандық тұрақтылықты нығайтуға қолдан келгенше үлес қосатынын айтты.
Жаңалықтар
- Израиль Хаменеидің жерасты бункерін жарып жіберді
- «Үйінді астында тұтас отбасылар болуы мүмкін». Алеппо қаласында бес қабатты үй опырылды
- Іс алты рет тоқтатылған. Атыраулық әйел екі жасар егіз баласын күйеуі зорлады деп айыптады
- «Қыздың қырық жаны бар»: Тоқаев әйелдерді мерекемен құттықтады
- Әзербайжан Ираннан барлық дипломатын қайтаратын болды
- Қазақстанның кей өңірлерінде 25 градусқа дейін күн суытады
- Ескі үлгідегі 10 мың теңгелік банкноттар айналымда тағы бір жыл болады
- Израильде зымыран шабуылы кезінде видео түсірген Өзбекстан азаматы полиция назарына ілікті
- Астана қаласы сотының төрағасы болып Айдар Смағұлов тағайындалды
- Инсульт алғанын пайдаланған: Ақтөбеде анасының шотынан ақша шешкен ұлы істі болды
- «Қазтеміртранс» филиалы директорының 540 млн теңге парамен ұсталғаны расталды
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды
- Қазақстанда 10 миллионға жуық әйел бар
- Таяу Шығыстан 3300-ден астам қазақстандық эвакуацияланды
- Ирандағы соғыс жаңа кезеңге өтті: Қазір не белгілі?
- Иран «ұзаққа созылатын соғысқа» толық дайын екенін мәлімдеді
- «Мекенжайын әскерге беремін»: Зеленскийдің сөзі Еуропада жаңа дау туғызды
- Қонаевта 150 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
- Оразалы Ержанов тағы қамауға алынды
- Қазақстанда қанша әйел мұғалім бар?