Трамп Гренландия мен Арктикаға байланысты Еуропаға сауда тарифтерін енгіземін деп қоқан-лоқы жасады
Фото: Marko Djurica / Reuters
АҚШ президенті Дональд Трамп Гренландия төңірегіндегі жағдай мен Арктика аймағындағы қауіпсіздік мәселелеріне байланысты бірқатар еуропалық елдерге сауда тарифтерін енгізу ниеті бар екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Оның айтуынша, Америка Құрама Штаттары ондаған жылдар бойы Данияны, Еуроодақ елдерін және одақтастарын сауда шектеулерін енгізбей, іс жүзінде субсидиялап келген, алайда енді бұл ұстанымды өзгерту қажет деп санайды. Трамптың пікірінше, Қытай мен Ресей Гренландияға қызығушылығын арттырып отыр, ал Дания аралдың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қауқарсыз.
АҚШ президентінің мәлімдемесіне сәйкес, 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап Дания, Норвегия, Швеция, Франция, Германия, Ұлыбритания, Нидерланд және Финляндиядан АҚШ-қа жеткізілетін барлық тауарларға 10 пайыздық тариф салынады. Ал 2026 жылғы 1 маусымнан бастап бұл мөлшерлеме 25 пайызға дейін өсіп, «Гренландияны толық сатып алу» туралы келісім жасалғанға дейін күшінде болады делінген.
«Бұл ойында тек Америка Құрама Штаттары ғана ойнай алады және оны табысты түрде жүргізе алады» деп жазды Трамп.
Оның айтуынша, АҚШ пен бүкіл әлемнің қауіпсіздігі қауіп-қатерге ұшырап отыр.
Сондай-ақ ол Вашингтонның Даниямен және өзге елдермен келіссөздер жүргізуге дайын екенін мәлімдеп, Гренландияның жаһандық қауіпсіздік пен АҚШ-тың қорғаныс жүйелері үшін аса маңызды мәнге ие екенін атап өтті.
The Wall Street Journal мен The New York Times дереккөздерге сілтеме жасап жазғандай, Ақ үй Гренландияны басып алуды емес, Даниядан сатып алу жолдарын іздеуде.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Шымкентте бір үйден төрт адамның мәйіті табылды
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?