Трамп бай мигранттарға арналған «алтын картаны» көрсетті
© AP / Pool
АҚШ президенті Дональд Трамп бай шетелдік инвесторлар Америка азаматтығын алу үшін сатып алатын «алтын картаның» дизайны қандай екенін көрсетті, деп хабарлайды Orda.kz.
New York Post хабарлауынша, карта құны 5 миллион доллар (2,5 миллиард теңгеден астам) болады.
«5 миллион доллар төлесеңіз бұл карта сіздікі болуы мүмкін. Бұл картаның не екенін білесіз бе? Бұл Трамптың картасы» деп келтіреді басылым америкалық көшбасшының сөзін.
Сондай-ақ Трамп алтын түсті картаны көрсетті. Оның айтуынша, бағдарлама шамамен екі аптадан кейін жұмыс істей бастайды. АҚШ басшысы мұндай картаны бірінші болып өзі сатып алғанын айтты.
Бұған дейін АҚШ-та шетелдіктердің балаларына азаматтық беру тоқтатылатыны хабарланған болатын. Содан кейін Трамп командасы АҚШ азаматтығын алу ережелерін қатаңдату үшін жоспарлар дайындап жатқанын мәлімдеді.
Жақында АҚШ президенті Дональд Трамп 185 елге баж салығын енгізді. Америкалық The Atlantic басылымының бас редакторы Джеффри Голдберг Дональд Трамп әкімшілігі оны Йемендегі хуситтерге қарсы әскери операцияны талқылаған құпия чатқа байқаусызда қосып қойып, үш күн бойы байқамаған.
Жаңалықтар
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады
- Эвакуация басталғалы Таяу Шығыстан 8585 қазақстандық елге қайтарылды
- Ормуз бұғазы арқылы бір литр де мұнай өтпейді — Иран
- Астанада ауа райы қолайсыз: Кейбір оқушылар қашықтан оқуға көшірілді
- АҚШ Ауғанстанды заңсыз қамауларды қолдайтын мемлекет деп таныды
- Демалыс күндері Таяу Шығыста не болды: Ирандағы соғыс, мұнай бағасының шарықтауы
- Трамп: АҚШ Иранға жасалатын соққы қарқынын 20 есе арттыруы мүмкін
- Қырғызстанда мектеп маңында зиян тағам сатуға тыйым салынады
- Тегеран Түркия, Әзербайжан және Кипрге шабуыл жасамаған — Иран СІМ
- 2430 жылға сотталуы мүмкін: Стамбұлдың экс-мэріне қатысты сот басталды
- Ирандағы «мұнай аралас жаңбыр»: ДДҰ дабыл қақты
- Атырауда Жангелдин ауылының жоғалып кеткен екі тұрғынының мәйіті табылды
- Қазақстанның үздік теннисшісі турнирдің ширек финалына шықты
- «Қышқыл бұлттар» пайда болғаны туралы ақпарат жалған
- Дауыс беру кезінде «өшіп кететін сия» туралы бейнеге ОКҚ түсініктеме берді
- Ұлттық банк төрағасы Қазақстандағы инфляцияның үдеу қаупі туралы айтты
- Уиткофф пен Кушнердің 10 наурыздағы Израильге сапары тоқтатылды
- АҚШ қоғамы Трамптың кенже ұлы Бэрронды Ирандағы соғысқа жіберуді талап етіп жатыр