Трамп АҚШ-тың мәңгі соғысуға жететін оқ-дәрісі бар екенін айтты

cover Фото: whitehouse.gov

АҚШ президенті  Дональд Трамп елдің әскери қоры мен қару-жарақ қорының көлемі жоғары деңгейде әрі соғысты мәңгі жүргізуге қауқарлы екенін айтты, деп хабарлайды Orda.kz. 

Бұл туралы Трамп Truthsocial.com парақшасында мәлімдеді. АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп елдің оқ-дәрі және қару-жарақ қоры туралы мәлімдеме жасады. Оның сөзінше, орта және ортадан жоғары деңгейдегі қару-жарақ қоры ешқашан қазіргі деңгейдегідей көп әрі сапалы болмаған. Сонымен қатар, ол Джо Байденді Украинаға бөлінген қаражат үшін сынға алды. 

Трамптың айтуынша, АҚШ-та мұндай қару түрлері іс жүзінде шексіз көлемде бар және олардың көмегімен соғысты ұзақ уақыт бойы тиімді жүргізуге болады. Ал ең жоғары деңгейдегі қару-жарақ қоры жеткілікті болғанымен, ол күткен межеге әлі жетпегенін атап өтті. Сондай-ақ жоғары санаттағы қосымша қару-жарақтың бір бөлігі шетелдерде сақтаулы тұрғанын жеткізді.

Бұрынғы президент Байденнің Украинаға жүздеген миллиард доллар көлемінде көмек көрсеткені үшін сынға алды. Оның пікірінше, аса заманауи қару-жарақтың бір бөлігі тегін берілген және олардың орны уақытында толықтырылмаған.

«Америка Құрама Штаттарының оқ-дәрі қоры, әсіресе орта және ортадан жоғары деңгейде, ешқашан бұдан артық әрі сапалы болған емес. Бізде мұндай қарудың іс жүзінде шексіз қоры бар. Соғыстарды тек осы қорлардың өзімен-ақ мәңгі және өте табысты жүргізуге болады. Ең жоғары деңгейдегі қару-жарақ жеткілікті, бірақ біз қалаған деңгейге әлі жеткен жоқпыз. Джо Байден еліміздің ақшасын Украинаға беріп, ең заманауи қаруларды тегін үлестірді және олардың орнын толтыруға мән бермеді», – деді Дональд Трамп.

Оқи отырңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар