Толассыз жауын салдарынан 7 адам қаза болды

cover Фото: freepik.com

Бразилияның халық көп қоныстанған Сан-Паулу қаласында толассыз нөсерден 7 адам қаза тапты, деп хабарлайды Orda.kz. 

Алдын ала мәлімет бойынша, күшті жел тұрып, 2 миллионнан астам тұрғын электр жарығынсыз қалған. Желдің екпіні сағатына 100 шақырымға жеткен. Ағаштар, ғимараттардың қабырғалары құлады. Қазір электр қуатын қайта қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.  

Бауру, Диадема, Сан-Паулу қалаларында қауіптің жоғары деңгейі жарияланды. Сондай-ақ 98 муниципалитетте нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнап, электр желілеріне зақым келді. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар