Токио Олимпиадасына боксшылардан кім қатысады?

cover

24 шілде мен 8 тамыз аралығында Токиодағы Олимпиада ойындарында қазақстандық боксшылар өнер көрсетеді.

Бұл туралы Orda.kz Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап хабарлады.

Белгілі болғандай, Қазақстан атынан Токио-2020 ойындарына 9 спортшы қатысады.

Ел намысын қорғайтын боксшылар тізімі:

  • Сәкен Бибосынов (52 келіге дейін)
  • Серік Теміржанов (57 келіге дейін)
  • Зәкір Сафиуллин (63 келіге дейін)
  • Абылайхан Жүсіпов (69 келіге дейін)
  • Әбілхан Аманқұл (75 келіге дейін)
  • Бекзад Нұрдаулетов (81 келіге дейін)
  • Василий Левит (91 келіге дейін)
  • Қамшыбек Қоңқабаев (91 келіден жоғары)
  • Надежда Рябец (75 келіге дейін)

Еске салсақ, Токиодағы жазғы Олимпиада ойындары 2021 жылдың 23 шілде – 8 тамыз аралығында өтеді. Онда 33 спорт түрінен 339 медаль ойнатылады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар