Тоқаев Ұлттық Олимпиада комитетін 30 жылдығымен құттықтады

cover

Бұл ұйымның елімізде алатын орны ерекше. Мемлекет олимпиадалық қозғалысты дамытуға әрқашан назар аударатын болады, деді президент.

«Баршаңызды Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің 30 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! Олимпиадалық құндылықтарды насихаттау арқылы жастар арасында спортты кеңінен таратуға және халықаралық құрылымдармен ынтымақтастықты нығайтуға зор үлес қосып келесіздер. Соның нәтижесінде біздің спортшылар көптеген ірі жарыстарда үлкен жетістіктерге жетіп жүр. Олар Олимпиада ойындарында, әлем чемпионаттарында және Азия чемпионаттарында жүздеген жүлделерді жеңіп алды. Чемпиондарымыздың есімі әлемдік спорт шежіресіне алтын әріптермен жазылды», - деді Мемлекет басшысы.


Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан қысқы Азия ойындарын, Универсиаданы, әлем және құрлық чемпионаттарын жоғары деңгейде өткізгенін атап өтті.

«Еліміздің күш-жігерін дүниежүзілік қоғамдастық жоғары бағалады. Мемлекет әрқашан олимпиадалық қозғалысты дамытуға жіті көңіл бөлетін болады. Біз Халықаралық Олимпиада комитетімен және басқа да беделді ұйымдармен ынтымақтастықты кеңейтеміз. Көк байрағымыз әрқашан желбірей берсін. Баршаңызға зор денсаулық және табыс тілеймін!», – деді президент. 


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар