Тоқаев Ресей вице-премьерімен кездесті

cover Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей үкіметі төрағасының орынбасары Александр Новакты қабылдады, деп хабарлайды Orda.kz. 

Ақорда хабарлағандай, кездесуде екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері қарастырылды.

Президент Қазақстан мен Ресейдің мемлекетаралық қарым-қатынасы достық, тату көршілік және одақтастық рухында қарқынды дамып келе жатқанын айтты.

Александр Новак Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ресей президенті Владимир Путиннің сәлемін жеткізіп, елдер арасындағы диалог пен ықпалдастықтың деңгейі жоғары екенін атап өтті.

Кездесуде энергетика саласындағы өзара ықпалдастық мәселесі талқыланды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар