Тоқаев пен Трамп Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті
Фото: Ақорда
Ақ үйдегі кездесу барысында Қазақстан мен АҚШ президенттері Израиль Премьер-министрі Беньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Orda.kz.
Қазақстан Республикасының Ибраһим (Авраам) келісімдеріне қосылуы әңгімелесудің арқауы болды.
«Мемлекет басшысы Президент Трамптың Таяу Шығыста бейбіт өмір орнатуға нақты алғышарт жасап, көпшілік күмәнмен қараса да, елеулі нәтижелерге қол жеткізгеніне назар аударды. Ибраһим келісімдеріне қосылу арқылы Қазақстан қақтығысты еңсеруге, диалогты ілгерілетуге және БҰҰ Жарғысы негізіндегі халықаралық құқықты қолдауға үлес қосады. Қазақстанның бұл шешімі ешбір мемлекетпен екіжақты қатынастардағы міндеттемелеріне нұқсан келтірмейді. Бұл – бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуды көздеген көпжақты дипломатияның заңды жалғасы әрі нақты көрінісі» деп жазды Ақорда.
АҚШ президенті Дональд Трамп Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне қосылу туралы шешімін жоғары бағалап, бұл қадам өзге елдерді аталған бастаманы қолдауға үндейтінін атап өтті.
«Бұл – бүкіл әлемде ынтымақтастық орнатуда айтарлықтай алға ілгерілеу. Бүгінде көптеген ел Ибраһим келісімдері арқылы бейбітшілік пен өркендеу жолын таңдап отыр», – деді Дональд Трамп.
Айта кетейік, Қазақстан Трамптың ел тізгінін ұстаған екінші мерзімінде «Авраам» («Ибраһим») келісімдеріне қосылған алғашқы ел болады.
Жаңалықтар
- Екі жыл ішінде елімізде балаларды қорғауға қатысты 11 заң қабылданды
- Масуд Пезешкиан: Әдейі арандатушылық болмаса, көрші елдерге шабуыл жасамаймыз
- «Бүгін Иранға өте қуатты соққы жасалады» — Трамп
- Қазақстанда Отбасы омбудсмені институты енгізіледі
- Дубай әуежайы қауіпсіздік қатеріне байланысты жұмысын уақытша тоқтатты
- СҚО-дағы тас жолда екі жүк көлігі соқтығысып, жүргізушінің бірі қаза тапты
- Кәсіби боксшы Мадияр Әшкеевтің АҚШ-тағы үйі өртеніп кетті
- 4700-ден астам қазақстандық елге оралды
- 7–9 наурызда Таяу Шығыстан келетін эвакуациялық рейстер
- Италияда XIV қысқы Паралимпиада ойындары ашылды
- СІМ шиеленіс жағдайында Таяу Шығысқа саяхатты азайтуды ескертті
- Трамп Иран басшылығын толық ауыстыруды қолдайтынын айтты
- Израиль Хаменеидің жерасты бункерін жарып жіберді
- «Үйінді астында тұтас отбасылар болуы мүмкін». Алеппо қаласында бес қабатты үй опырылды
- Іс алты рет тоқтатылған. Атыраулық әйел екі жасар егіз баласын күйеуі зорлады деп айыптады
- «Қыздың қырық жаны бар»: Тоқаев әйелдерді мерекемен құттықтады
- Әзербайжан Ираннан барлық дипломатын қайтаратын болды
- Қазақстанның кей өңірлерінде 25 градусқа дейін күн суытады
- Ескі үлгідегі 10 мың теңгелік банкноттар айналымда тағы бір жыл болады
- Израильде зымыран шабуылы кезінде видео түсірген Өзбекстан азаматы полиция назарына ілікті