Тоқаев пен Трамп құны 17 млрд доллардан астам болатын мәмілелерге қол қойды

cover Фото: Бейнежазбадан кадр

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дональд Трамп құны 17 миллиард доллардан астам болатын мәмілелерге қол қойды, деп хабарлайды Orda.kz.

Тоқаев АҚШ президентінің бейбітшілік пен өркендеуге арналған бастамаларын, оның ішінде Трамптың «Халықаралық бейбітшілік пен өркендеу жолы» (TRIPP) атты жобасын Қазақстан қолдайтынын айтты.

Ал Дональд Трамп АҚШ Қазақстанмен көпқырлы стратегиялық серіктестікті одан әрі тереңдетуге дайын екенін айта кетті. Тараптар энергетикадан бастап инфрақұрылым, цифрлық технологиялар мен ауыл шаруашылығына дейінгі салаларды қамитын 17 миллиард доллардан асатын коммерциялық келісімдерге қол қойды.

Еске сала кетсек, кеше Тоқаев Дональд Трамппен келіссөз жүргізу үшін Вашингтонға аттанған еді.

Сондай-ақ Қазақстан Трамптың ел тізгінін ұстаған екінші мерзімінде «Авраам» («Ибраһим») келісімдеріне қосылған алғашқы ел болады. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар