Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
Қасым-Жомарт Тоқаев Оман сұлтанына қазақстандықтарды эвакуациялауға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдірді, деп хабарлайды Orda.kz.
Әңгімелесу барысында мемлекет басшысы Хайсам бен Тарик Әл Саидпен Таяу Шығыстағы қазіргі ахуалды талқылап, Оманға берік қолдау білдіретінін мәлімдеді.
Президент Иранға қарсы соғысқа қатыспайтын Парсы шығанағы елдері азаматтық инфрақұрылым нысандарына жасалған әуе шабуылдарына байланысты алаңдаушылық білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның әрдайым шиеленісті бәсеңдетуді қолдайтынын және тараптарды қақтығысты диалог пен дипломатия арқылы реттеу жолдарын іздеуге шақыратынын атап өтті.
Өз кезегінде Хайсам бен Тариқ Әл Саид Қасым-Жомарт Тоқаевтың шынайы қолдауына алғыс айтып, қасиетті Рамазан айында Қазақстан халқына бақ-береке тіледі.
Қасым-Жомарт Тоқаев Оман Сұлтанын жыл соңына дейін Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақыратынын тағы да растады. Бұл сапар екі ел арасындағы дәстүрлі достық қатынастарды жаңа деңгейге көтеру тұрғысынан айрықша маңызға ие болмақ.
Сұлтан Хайсам бен Тариқ Әл Саид әлемдік қоғамдастықта беделі зор мемлекеттің басшысы шақыруын ықыласпен қабыл алатынын мәлімдеді.
Еске салсақ, бүгін таңертең Қазақстан азаматтарын Ираннан эвакуациялау бағыттары ресми түрде бекітіліп, сыртқы істер министрлігі отандастарымыз елге көршілес мемлекеттер арқылы кезең-кезеңімен жеткізілетінін мәлімдеген болатын.
Оқи отырыңыз:
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды
- Тоқаев Ирандағы жағдайдың ушығуына байланысты қауіпсіздік шаралары бойынша тапсырма берді
- Тоқаев өңірдегі шиеленіске қатысты Парсы шығанағы елдері көшбасшыларына жолдау арнады
- Тоқаев Таяу Шығыстағы жағдайды ушықтырмауға шақырды
Жаңалықтар
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды
- Мемлекет басшысы Болгария президентін Азат ету күнімен құттықтады