Тоқаев Қазақстан халқын отбасы күнімен құттықтады
Қазақстанда Отбасы күні қыркүйек айының екінші жексенбісінде тойланады. Мереке алғаш рет 2013 жылы басталды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Отбасы күнімен шын жүректен құттықтауын жолдады!
«Әр адамның өмірінде отбасының алатын орны ерекше. Өскелең ұрпақты тәрбиелеуде, балаларды ұлттық құндылықтармен жақындастыруда алатын орны ерекше. «Отан отбасынан басталады» деп бекер айтпаған. Салт-дәстүрді құрметтеу де, патриоттық сезім де шаңырақтан бастау алады.
«Адал азамат» саналы азаматқа тән еңбексүйгіштік, білімге құштарлық, ынтымақ сияқты қасиеттерді қоғамда орнықтыруда отбасы институты ұлтымыздың жаңа сапасының қалыптасуына шешуші үлес қосуда.
Мықты отбасы – еліміздің үйлесімді және тұрақты дамуының сенімді кепілі. Сондықтан мемлекет ана мен баланы қорғау жүйесін жетілдіруге, отбасы құндылықтарын насихаттауға жіті көңіл бөлуде.
Әрбір отбасының амандығын қамтамасыз ету – Әділетті Қазақстанды құру жолындағы басымдықтардың бірі. Елімізде әр шаңырақ берекелі болсын! Барша азаматтарға зор денсаулық, бақыт және шығармашылық бастамаларына табыс тілеймін!».
Жаңалықтар
- Франция президенті Эммануэль Макрон Тоқаевқа бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін айтты
- Қырғызстанда Тәшиевтің ұлы полицияға жеткізілді
- Пәкістан премьер-министрі: Референдум мемлекеттік басқару жүйесі үшін маңызды
- Парамен сотталған Хаменованың түрме жазасы бостандығын шектеуге ауыстырылды
- БҚО-да кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікке ілінген шенеунік қайтыс болды
- Айт намазының кестесі 2026: Ораза айт намазы әр өңірде қай уақытта оқылады?
- Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы қаза тапты
- Көктемгі әскерге шақыру басталды: 21 мыңнан астам азамат сарбаз атануға міндетті
- Нұрлан Сабуровтың әйелі Ресейдегі бизнесін жапты
- Тоқаев: «Тағдыршешті сәтке куә болдық»
- Тоқаев жаңа Конституцияны іске асыруға қатысты Жарлыққа қол қойды
- Қазақстанда тек шетелдіктерге арналған жаңа казинолар ашылады
- Несие алу қиындайды:Ұлттық банк қосымша шектеулер енгізеді
- Шоқан Уәлиханов атындағы жеке мектеп «Домбыра – дастан» атты ауқымды онлайн концерт ұйымдастырды
- 36 күдікті ұстау изоляторында: Сталкинг бойынша сотқа 51 іс жолданды
- Кубадағы толық блэкаут: Энергетикалық дағдарыс, Трамп қысымы және көшедегі наразылық
- Рахат Тұрлыханов қылмыстық жазаға тартылуы мүмкін
- Ауғанстан–Пәкістан соғысы: Кабулдағы ауруханаға соққы жасалды — 400 адам қаза тапты, тағы 250 жарақат алды
- Есірткі өндіруді әкесі үйреткен: Ақмола облысында әкесі мен баласы есірткі зертханасын ашқан
- Қаражатын инвестициялауға үгіттеген: Желі арқылы жұртты алдаған алаяқ Ресейден экстрадицияланды