Тоқаев Иранның дроны Әзербайжан әуежайын атқылауына байланысты ұстанымын мәлімдеді

cover Фото: Бейнеден кадр

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иранның ұшқышсыз ұшу аппараттары Нахчыван қаласындағы әуежайды атқылауына байланысты ұстанымын мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.

Бұл туралы президенттің кеңесшісі, баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады. Мемлекет басшысы бауырлас, одақтас Әзербайжан еліне қарсы жасалған әрекетті қатаң айыптайды.

«Президент болған оқиғаның мән-жайы Иран тарапымен бірлесіп егжей-тегжейлі тергелетініне, сондай-ақ екі ел арасына сызат салған жағдай аймақтағы ахуалды ушықтырмау үшін дипломатиялық тәсілдер арқылы реттелетініне сенім білдірд» деп жазды Смадияров.

Еске сала кетейік, бүгін 5 наурыз Иран Әзербайжанның Нахчыван әуежайына дрон шабуылын жасады. Алайда кейін Иран қарулы күштері бас штабы Әзербайжанның Нахчыван аймағына дрондар ұшыруға Иранның қатысы бар деген ақпаратты жоққа шығарды.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар