Тоқаев Финляндия президенті Стуббпен телефон арқылы сөйлесті

cover Фото: Ақорда

Финляндия тарапының бастамасымен болған телефон арқылы сөйлесу барысында президенттер екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.

Екі жақ та Қазақстан-Финляндия қарым-қатынастарын, әсіресе, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық саласында одан әрі дамытуға өзара мүдделілік танытты.

Сонымен қатар, әңгімелесушілер көпжақты ұйымдар аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері бойынша пікір алмасты.

Тоқаев Финляндияға 2025 жылы ЕҚЫҰ-ға алдағы төрағалықта табыс тілеп, Қазақстанның сындарлы ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін растады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар