Тоқаев бірнеше елдегі Қазақстан елшілерін ауыстырды

cover Фото: президенттің баспасөз қызметі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дипломатиялық қызметтегі жаңа тағайындауларға қатысты Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Orda.kz.

Бұл туралы Ақорда ақпарат таратты.

Ғабит Қойшыбаев Қазақстанның Моңғолиядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатылды. Оның орнына бұл қызметке Алмас Сейтақынов тағайындалды.

Сергей Викторов Қазақстанның Шри-Ланкадағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды.

Қазақстанның Швециядағы төтенше және өкілетті елшісі Олжас Сүлейменов Қазақстанның Даниядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқаратын болды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар