Тоқаев Бибігүл Төлегенова мен Олжас Сүлейменовке мемлекеттік стипендия тағайындады
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ өнері мен мәдениетінің көрнекті қайраткерлері — Бибігүл Төлегенова мен Олжас Сүлейменовке президенттік стипендия тағайындады, деп хабарлайды Orda.kz.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны беру туралы өкімге қол қойды. Бұл туралы Ақорда ресми мәлімдеді.
«Осы өкімге қосымшаға сәйкес 2025 жылы мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия берілсін. Осы өкім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын» — деп хабарлады Ақорда.
Президенттің арнайы стипендиясы — мәдениет, әдебиет және өнер саласында елге сіңірген еңбегі үшін берілетін жоғары марапаттардың бірі.
Бибігүл Төлегенова — опера әншісі, КСРО және Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты.
Олжас Сүлейменов — жазушы, қоғам қайраткері, халықаралық деңгейде танымал әдебиет майталманы.
Бұл стипендия қос қайраткерге ел алдындағы ерен еңбегі мен шығармашылық мұрасын бағалау ретінде табысталып отыр.
2025 жылы мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия берілген адамдардың дербес құрамын мына сілтемеден көре аласыздар.
Айта кетейік, Германияның батысындағы Гельзенкирхен қаласында ел тарихындағы ең ірі банк тонауы тіркелді. Қаскөйлер Sparkasse банкінің сақтық қоймасындағы мыңдаған сейф ұяшықтарын бұзып, ішінен қомақты қаражат алып кетті.
Жаңалықтар
- Бүгінгі Таяу Шығыс: Тегеранға соққылар жасалып жатыр, Иран жауап ретінде зымыран ұшырды
- МӘМС арқылы миллиондаған теңге залал: Алматыда жеке стоматологиялық клиникалардың директоры үйқамаққа алынды
- Украинадан оралған Лұқпан Ахмедияров пен Рауль Упоров Астана әуежайында ұсталып, тексерістен кейін босатылды
- ІІМ шетелге барып жұмыс істегісі келетіндерге үндеу жасады
- Thailand Open турнирі: Қазақстан ескек есуден «алтын» алды
- Соғыстың алғашқы екі күнінде Иран астанасынан 100 мың адам кетіп қалды — БҰҰ
- Иранда Әли Хаменеимен қоштасу рәсімі кейінге шегерілді
- Күдікті әйелі мен енесі: Алматы облысында жеті баланың әкесіне 30-дан астам пышақ жарақатын салған
- Шымкентте полицейді ұрған жасөспірім түрмеден бір-ақ шықты
- Жидда мен Дубайдан арнайы рейстермен елге тағы 506 адам қайтарылады
- Шымкентте бір үйден төрт адамның мәйіті табылды
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік