Тоқаев Бас прокуратурада жаңа тағайындаулар жасады

cover

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы Бас прокурордың орынбасары және Активтерді қайтару комитетінің төрағасын тағайындау туралы жарлыққа қол қойды.

Қойгелдиев Ғалымжан Мәмбетұлы Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары болып тағайындалды. Осы жылдары Моңғолия мен Пәкістандағы Қазақстан елшілігінің хатшысы болып жұмыс істеді. 2011 жылы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының халықаралық ынтымақтастық департаменті бастығының орынбасары болды. 2017 жылдан - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының халықаралық ынтымақтастық басқармасының бастығы. Ал 2022 жылдың 16 қарашасында ол Бас Прокурордың аппарат басшысы болып тағайындалды.

Нұрдәулет Мықтыбекұлы Сүйіндіков Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Активтерді қайтару комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Оның 2018 жылдан бастап коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кеңесшісі болып жұмыс істегені белгілі. 2022 жылдың маусым айынан бастап Бас прокуратураның стратегиялық даму департаментінің басшысы қызметін атқарды. Ал ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Халықаралық құқықтық ынтымақтастық қызметінің басшысы лауазымына тағайындалды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар