Тоқаев Ақордада Сербия президенті Александр Вучичті салтанатты түрде қарсы алды
Фото: Ақорда
27 ақпанда Ақордада Сербия президенті Александр Вучичті қарсы алу салтанатты рәсімі өтті, деп хабарлайды Orda.kz ҚР президенті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сербия президентін резиденцияда Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдады.
Мемлекеттер басшылары бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң екі елдің әнұрандары шырқалды.
Содан кейін Қазақстан мен Сербия президенттері келіссөз залына барды.
Одан кейін Қазақстан мен Сербия президенттері шағын құрамда келіссөз өткізді.
«Біз Сербияны Еуропадағы маңызды стратегиялық серіктесіміз санаймыз. Бірқатар бағытта, әсіресе, экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастығымызды нығайту үшін көп жұмыс атқардық. Астана мен Белград арасында тікелей әуе рейсі ашылды. Сауда қатынастарымыз табысты дамып келеді. Қазақстанда 60-тан аса сербиялық компания жемісті еңбек етіп жатыр. Негізгі халықаралық мәселелер бойынша ұстанымдарымыз ортақ. Сондықтан екі ел арасындағы ынтымақтастықтың берік әрі тиімді іргетасы қаланды деп ойлаймын. Сіздің сапарыңыз достық қарым-қатынасымызға тың серпін беру тұрғысынан өте маңызды екеніне сенімдімін» , – деді Тоқаев.
Өз кезегінде Александр Вучич те жылы лебізін білдірді.
«Қазақстанға ресми сапармен келгеніме қуаныштымын. Қонақжайлық танытқаныңыз үшін ризашылығымды білдіремін. Сіздің пікіріңізбен толық келісемін, елдеріміз арасында шынайы стратегиялық қарым-қатынас орнаған. Сіздің қолдауыңыздың арқасында сауда-экономикалық байланыстарымыз жоғары қарқынмен дамып келеді. Алдағы уақытта жасанды интеллект, ақпараттық технологиялар мен энергетика салаларында ықпалдастық орнату арқылы достығымыз жаңа деңгейге көтеріледі деп ойлаймын. Сізді жақын арада елімізде қарсы алуға дайынбыз», – деді ол.
Кеше Сербия президенті Александр Вучич мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға ресми сапармен келді. Әуежайда Сербия президентін ҚР премьер-министрі Олжас Бектенов қарсы алды.
Оқи отырыңыз:
- Сербия президенті Александр Вучич Қазақстанға келді: Екі ел арасындағы тауар айналымы 107 млн АҚШ доллардан асты
- Сербия президенті мен оның отбасына қастандық жасауға тырысты деген күдікпен екі адам ұсталды
Жаңалықтар
- Жамбыл облысында көші-қон заңнамасын бұзу деректері анықталды
- Зардап шеккендерге — 1 млн теңге: Щучинсктегі жарылыста мерт болғандардың отбасыларына 2 млн теңгеден беріледі
- Туысын жұмысқа алса өзі қызметтен кетеді: Садыр Жапаров мемлекеттік қызметкерлердің міндетін қатаңдатты
- Ақтөбеде жоғарғы сынып оқушы жүкті болып қалды: Іс қозғалды
- Telegram бұғаттала ма? Роскомнадзор нақты жауап бермеді
- Тоқаев Ақордада Сербия президенті Александр Вучичті салтанатты түрде қарсы алды
- Қытайда 16 интернет-алаяқ өлім жазасына кесілді
- Наурыз айындағы ҰБТ-ға 184 мың оқушы қатысады
- Күш қолданып қорқытқан: СҚО-да пайызға қарыз беріп, қаражатын екі еселеп алатын күдікті ұсталды
- Щучинскідегі 7 адамның өмірін жалмаған өртке қатысты қылмыстық іс қозғалды
- Пәкістан Ауғанстандағы тәліптерге «ашық соғыс» ашты
- Бұрынғы әкім Амалбек Тшановтың туысы не үшін ұсталды?
- Астанада 8 наурызға орай әйелдерге берілетін ақшалай төлемді кімдер алады?
- Наурыздан бастап Қазақстанда қандай өзгерістер болады?
- Щучинскідегі өрттен 7 адам қаза тауып, 20-сы зардап шекті
- Жезөкше қызметін тұтынатындар не себепті жазаға тартылмайды?
- Қазақстан Навальныйдың серіктесін Ресейге экстрадициялауды сот шешіміне қалдырды
- Ақмола облысындағы дәмханада жарылыс болды: Қаза тапқандар бар
- Сербия президенті Александр Вучич Қазақстанға келді: Екі ел арасындағы тауар айналымы 107 млн АҚШ доллардан асты
- Алматыда 180 мың вейп тәркіленді: Іс сотқа жолданды