Төгілген тұз қышқылы бар цистерна залалсыздандырылды

cover Бейнажазбадағы кадрдан үзінді

Аршалы ауданындағы Сарыоба стансасында 25 мамырда цистерна зақымдалған. Қышқылдың ағып кетуіне резервуарлардың бірінде пайда болған диаметрі бір жарым сантиметрлік жарықшақ себеп болған, деп хабарлайды Orda.kz порталы.

«27 мамырда резервуар ішіндегісін айдау кезінде тұз қышқылы бірнеше рет ағып кеткен. Ағып кетуді Астана Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері жойды. Цистерна ауылдан және жақын маңдағы фермадан қауіпсіз қашықтыққа сүйретіліп, бір күн бұрын үш жұмысшы эвакуацияланды» деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі. 

Тұз қышқылы төгілген жерде бейтараптандырғыштар құйылады және әкпен қайта толтырылады.

«Халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ» делінген Төтенше жағдайлар министрлігі хабарламасында.

Еске сала кетейік, Аршалы өңіріндегі Сарыоба стансасында жол бойына тұз қышқылы төгіліп, судың ағып кетуіне цистерналардың біріндегі жарықшақ себеп болған еді.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар