Тоқмақ: Жасөспірімді өгей әкесі зорлаған

cover

Тоқмақта 15 жасар қызды өгей әкесі зорлаған. Күдікті екі айға қамауға алынды. Бұл туралы ORDA Қырғызстанның Шу аудандық полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ұсталған адамға қатысты бұлтартпау шарасын сот 23 желтоқсанда мақұлдады.

Бұған дейін аталған іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғандығы хабарланған. 5 желтоқсанда кезекші бөлімге үйлердің біріндегі жанжал туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келген топ 2005 жылғы туған қыз отбасында жанжал туғызған өгей әкесінің 2018 жылы тамызда зорлағаны туралы анасы мен әпкесіне айтқанын хабарлады. Бұл факт Қырғызстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 161-бабы («Зорлау») бойынша тіркелді.

Сондай-ақ, полицияға айғақ бергеннен кейін қыз үйге оралудан бас тартқан. Қазір жасөспірім әлеуметтік қауіпсіздік органдарына тапсырылған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар