Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәлидің Twitter-і бұғатталды

cover

Twitter әлеуметтік желісі Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәлидің аккаунтын бұғаттады.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

– Парақшаның жұмысы уақытша тоқтатылды, - делінген Берік Уәлидің парақшасында.

Скриншот

Парақшаның неге бұғатталғаны белгісіз. Тоқаевтың баспасөз хатшысымен байланысу мүмкін болмады - оның телефоны өшулі.

Еске салсақ, 2021 жылы қаңтарда Дональд Трамптың жақтастары Капитолийге шабуыл жасаған кезде Twitter саясаткердің парақшасын жауып тастаған. Кейінірек оның парақшалары Twitch, Facebook, Instagram және YouTube желілерінде бұғатталды. 2021 жылы шілдеде Трамп өзінің сөз бостандығы құқығын бұзғаны үшін компанияларды сотқа беретінін мәлімдеді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар