Тоқаев Рухия Байдүкенованы байқаудағы жеңісімен құттықтады

cover

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дарынды жас әнші Рухия Байдүкенованы Беларусь Республикасының Витебск қаласында өткен «Славянский базар» байқауындағы сенімді жеңісімен құттықтады.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды

– Әлемнің көптеген елінің кіл мықты таланттары қатысқан осынау айтулы байқауда көрсеткен өнеріңіз – сіздің кәсіби даралығыңыздың, табиғи дарыныңыз бен әртістік шеберлігіңіздің айқын дәлелі, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев өз құттықтауында.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook парақшасында жазды.

Мемлекет басшысы Рухия Байдүкенованың табысты өнер көрсетуі Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында барша қазақстандықтарға жасаған тамаша тарту болды деп санайды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар