Орта Азия басшылары Ауғанстандағы жағдайды талқылады

cover

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон 24 маусымда Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзияев және Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлесті. Олар әңгіме барысында Ауғанстандағы жағдайды талқылады.

Бұл туралы Orda.kz Азаттыққа сілтеме жасай отырып хабарлады.

Тәжікстан президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ауғанстандағы Талибан қозғалысы Тәжікстанмен шекаралас Құндыз қаласына қарай жақындаған және тәжік аумағымен байланыстыратын көпірді бақылауға алған.

Осы жағдайларға байланысты Тәжікстан мен Өзбекстан Ауғанстанда тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бірлесіп әрекет етуге келісті.

Эмомали Рахмон мен Қасым-Жомарт Тоқаев та Ауғанстандағы әскери-саяси ахуалды талқылап, бұл өлкенің солтүстік, солтүстік-шығыс аудандарында жағдайдың күрделеніп кеткеніне алаңдаушылық білдірді.

Айта кетейік, бұған дейін  Ауғанстан әскерилерінің Өзбекстан шекарасын қару-жарақпен кесіп өткені айтылған еді. Сыртқы істер министрлігі көрші республикадағы зорлық-зомбылықтың өсуіне алаңдаулы.

Сыртқы істер министрлігі мәлімдемесінде Өзбекстан аумағына заңсыз кіруге бағытталған кез-келген әрекет қатаң түрде тоқтатылатын және мемлекеттік шекараны бұзушыларға қатысты ең қатаң шаралар қолданылатынын мәлімдеді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар