Тоқаев: Халықтың 0,1%-ы ғана коронавирусқа қарсы екпе алды

cover kt.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев тұрғындарды коронавирусқа қарсы вакцинациялауға шақырады. Екі айда Қазақстан халқының тек 0,1%-ына вакцина егілді.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Ол өзінің Twitter-де:

 – Мен коронавирустың эпидемиологиялық ахуалы жөніндегі кеңесте эпидемиядан шығудың жалғыз жолы вакцина алу екенін айттым. Екі айда Қазақстан халқының тек 0,1%-ына вакцина егілді.

Президент үкімет жағдайды сәуір айында өзгертуі керек деп санайды. Отандық вакциналар өндірісіндегі және оны шетелден әкелудегі мәселені шешу керек.

 – Мен барлық азаматтарды вакциналауға шақырамын. Бұл сіздің, сіздің ата-анаңыз бен жақындарыңыздың қауіпсіздігі үшін, - деді Тоқаев.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар