Тоқаев БҰҰ басшылығымен Женевада кездеседі

cover

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қараша айының соңында Женевада өтетін Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) 12-ші министрлік конференциясына тікелей қатысады.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді 30 қарашада өтетін министрлер конференциясы ашылу рәсіміне Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысаты туралы ақпаратты растады.

Қазақстан басшысы БҰҰ, ДСҰ басшылығымен кездесулер өткізіп, сондай-ақ Швейцария президентімен келіссөздер өтеді. Инвесторларға үлкен көңіл бөлінеді.

Министрлер конференциясы – ДСҰ-ның мүше мемлекеттердің өкілдерінен тұратын жоғары орган. Министрлік конференциясының отырыстары екі жылда бір рет немесе одан да жиі өткізіледі. ДСҰ-ның кезекті министрлік конференциясы қараша айында Қазақстанның төрағалығымен өтеді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар