Тоқаев қазақ тілі туралы заңға қол қойды

cover

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекі ақпарат және діни қызмет мәселелері жөніндегі заң жобасына қол қойды.

«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көрнекі ақпарат және діни қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды» делінген Ақорда жариялаған құжатта.

Заңға енгізілген түзетулер көрсеткіштер мен жарнамалық маңдайшаларда негізінен қазақ тілін пайдалану қажеттілігін ұсынады.

Бұл талап әкімшілік-аумақтық бірліктердің, елді мекендердің құрамдас бөліктерінің, сондай-ақ басқа да физикалық-географиялық объектілердің мемлекеттік тілдегі дәстүрлі, тарихи қалыптасқан қазақша атауларына қолданылатын болады.

Осы талап мемлекеттік емес ұйымдардың мемлекеттік тілде, ал қажет болған жағдайда орыс және/немесе басқа тілдерде ұсынылуға тиіс бланкілері мен маңдайшаларына да қолданылады.

Қазақстанда көрнекті ақпарат туралы заң қалай өзгереді?

Заң жобасында «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы», «Теміржол көлігі туралы», «Автомобиль көлігі туралы», «Жарнама туралы», «Сауда қызметін реттеу туралы», «Байланыс туралы», «Ішкі су көлігі туралы», «Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы», «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы», «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы», «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы», «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы», «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы», «Пошта туралы» және «Кинематография туралы» заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

Әзірлеушілердің пікірінше, заң жобасын қабылдау көрнекі ақпараттың дұрыс ресімделмеуіне және түпнұсқалы емес аударылуына байланысты әлеуметтік шиеленісті болдырмауға ықпал етеді. Сондай-ақ конфессия-аралық өзара іс-қимыл, дін мәселелерінде жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын сақтау үшін қолайлы жағдайлар жасайды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар