Тоқаев Ауғанстандағы жағдайды бақылауда ұстауды тапсырды

cover Берік Уәлидің Facebook парақшасынан

Мемлекет басшысы Ауғанстандағы ахуалға байланысты жиын өткізді. Жиын туралы президент хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жариялады.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстанда қалыптасқан жағдайға байланысты екінші жиыны. Оған премьер-министр Асқар Мамин, ұлттық қауіпсіздік комитеті, сыртқы істер, қорғаныс, ішкі істер, төтенше жағдайлар министрліктері, бас прокуратура, мемлекеттік күзет қызметі басшылары мен қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қатысты. 

Ауғанстан Ислам Республикасындағы жағдайға байланысты Қазақстанның ұлттық мүддесін ескере отырып, шұғыл әрекет ету шаралары және біздің елдің азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

«Президент құзырлы мекемелерге Ауғанстандағы жағдайды жан-жақты бақылауда ұстауды тапсырды. Бұл осы елмен бұдан былайғы ынтымақтастық бойынша шешім қабылдау үшін аса маңызды» делінген хабарламада.        

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар