«Тілімді кеспек болды»: Павлодарда 7 жастағы бала өзіне шабуыл жасалғаны туралы оқиғаны ойдан шығарып алған
Фото: freepik.com
Павлодар облысының полиция департаменті 10 желтоқсанда 7 жастағы баланы ұрып-соғу фактісі расталмағанын жеткізді, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұған дейін ол «оқушылар тілімді кеспек болды» деп ата-анасына айтып келген. Полицейлер жеңіл дене жарақатын келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғаған.
Полиция қылмыстық іс аясында ауданды аралап, көршілерден жауап алып, оқиға орнын қарап және бейнебақылау камераларындағы жазбаларды тексерген. Осы шаралардың қорытындысы бойынша, кәмелетке толмаған баланы ешкімнің ұрмағаны анықталды. Тергеу барысында баланың әткеншекте ойнап жүріп, қызығушылықпен ерні мен тілін металл темірге тигізгені белгілі болды.
«Қанды көрген ол қатты қорқып, әкесінің назарын аудару үшін бұған дейін айтылған жағдайды ойдан құрастырған. Бала мен анасына бұдан былай мұндай жағдайларға жол бермеу жөнінде әңгіме жүргізілді», деп хабарлады полиция.
Айта кетейік, Жамбыл облысында электронды темекіге бола адам өлтірген жасөспірім сотталды.
Жаңалықтар
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды
- Мемлекет басшысы Болгария президентін Азат ету күнімен құттықтады